19 қыркүйек 2015 16:15

Қарағандының "Жұлдыздар аллеясында" Мақпал Жүнісованың аты жазылған жұлдызды мемориал ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айым Амрина © Айым Амрина

Қарағандыда халық әртісі Мақпал Жүнісованың арнайы жұлдызы ашылды. Әншінің аты жазылған жұлдызды мемориал кеншілер қаласының орталық саябағындағы "Жұлдыздар Аллеясында" орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда халық әртісі Мақпал Жүнісованың арнайы жұлдызы ашылды. Әншінің аты жазылған жұлдызды мемориал кеншілер қаласының орталық саябағындағы "Жұлдыздар Аллеясында" орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салтанатты рәсім 18 қыркүйекте сағат 19.00-де басталды. Кеншілер қаласына қайырымдылық концертімен келген Мақпал Жүнісова жерлестерін әнмен тербетті. Әншашу "Жұлдыздар Аллеясының" құрмет кітабына әншінің есімін жазудан басталды. Жұлдызды мемориалдың бетін ашу рәсімі әртістің қызы Мерей мен облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековке бұйырды. Еңбегінің жоғары бағаланғанына және халықтың қолдауына риза болған әнші тіпті көз жасын да жасырмады.

"Көп рақмет! Құрметті жерлестерім, құрметті ағалар-апалар, сіңілі-бауырлар! Сіздердің жүректеріңізде ерекше бір орын алдым деп ойлаймын. Сондықтан да, әрине өз елімде осындай "Жұлдыздар аллеясы" бола тұрып, менің атымның болмай қалуы мүмкін емес еді. Ерте ме, кеш пе бір берер деген жүректе, өзімнің ойымда болып жүрді. Бірақ, ешқашан маған жұлдыз беріңдер аллеядан деп айтпаған едім. Сіздерге көп рақмет. Мені құрметтеп, бергендеріңізге!", - деген Жүнісова ән салды.

Салтанатты кешке жұлдыздың қызы, анасы, туыстары қатысты. 13 жастағы Мерейдің айтуынша, бұл олардың отбасы үшін көптен күткен күн. Анасының танымалдылығы Мерейді тек қуантады. "Алайда, кей-кезде анамды ұзақ уақыт көрмеймін. Себебі, ол көп жұмыс істейді. Мен анамды мақтан тұтамын. Бірақ, болашақта әнші болғым келмейді!", - деді Мерей.

Ал, әншінің анасы, сексенге таяп қалған кейуана қызының осындай дәрежеге көтерілетінін әу баста ақ білгем дейді. "Мақпалым жұлдыз десе жұлдыз. Осыған мақтанбағанда, кімге мақтанам. Осындай дәрежеге жеткізіп жатқан қызым бақытты болсын! Халқыма, еліме рақмет айтамыз. Ел-жұртымыз аман болсын! Қазақстанымыз аман болсын! Осындай әншілерімізді дәріптеп жүрейік!", - деп ақ жаулықты ана батасын берді.

Мақпал Жүнісованың жанкүйерлері орталық саябақ аланынан көпке дейін тараспады. Көбі Мақпалды әнші деп сыйласа, енді біреулері жерлесіміз деп мақтан тұтты. Айта кетейік, эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова 1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында дүниеге келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети