06 маусым 2015 07:51

Қайрат Нұртас МУЗ-ТВ жүлдесінің "Қазақстанның үздік әртісі" аталымында жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

МУЗ-ТВ телеарнасының "Қазақстанның үздік әртісі" аталымында Қайрат Нұртас жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


МУЗ-ТВ телеарнасының "Қазақстанның үздік әртісі" аталымында Қайрат Нұртас жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл аталымға Жанар Доғалова, Қайрат Нұртас, Нұрлан Абдуллин, "МузАрт" тобы және Әли Оқапов ұсынылды.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас сахнаға тұңғыш рет тоғыз жасында шыққан. Өзінің мансап жолында жүзден астам ән жаздырып, тоғыз әнжинақ шығарды және Қазақстан бойынша жеке шығармашылық концерттерін өткізіп үлгерді. 2013 жылы Қайрат Нұртастың өмрі жолы мен шығармашылығы туралы "Өкініш" фильмі прокатқа шықты, ал келесі жылы әнші өзінің киімдер желісін шығарды.

"Жыл жаңалығы" тұжырымында Егор Крид жеңіске жетіп,  M-band, Никита Пресняков және Multiverse, Наргиз, IOWA сияқты орындаушылардан үздік шықты. Музыка индустриясына үлес қосқаны үшін Николай Басков марапатталды. Ал әнші Валерия "Онжылдықтың үздік орындаушысы" болды. 

Қазақстанның музыкалық индустриясының дамуына үлес қосқаны үшін Роза Рымбаева арнайы жүлдеге ие болды. Айта кетейік, "Әлемнің жыл жаңалығы" болғаны үшін "Астана балет" мемлекеттік театрының ұжымы жүлдені иеленді. Онжылдықтың үздік тобы деген атқа A'Studio ұжымы лайықты болды.

Айта кетейік, биыл ұйымдастырушылар аталымдар санын көбейтті. 11 аталым 14-ке көбейді. Жаңадан "Үздік әйел видеосы", "Үздік ер видеосы", "Шет тіліндегі үздік ән" аталымдары пайда болды.

Қатысушыларға дауыс беру екі кезеңге бөлінді. Біріншісі сарапшылардың дауыс беруі бойынша әр категорияда бес қатысушы таңдалды. Екінші кезеңде дауыс беруге осы жүлденің иегерлері көрермендермен бірге телеарна сайтында қатысты.

МУЗ-ТВ жүлдесі бірінші рет Ресейдің шекарасынан сырт аумақта өтіп жатыр. Жүлде дәстүрлі түрде қызыл кілемшеден басталды, Қазақстан, Ресей шоу-бизнес өкілдері, отандық спорт, мәдениет және қоғам қайраткерлері қызық кілемше үстімен жүріп өтті. Салтанатты шараны Максим Галкин, Лера Кудрявцева, Андрей Малахов, Ксения Собчак, Нұрлан Қоянбаев жүргізді. Arash & Helena кеш хедлайнері болды. "Астана Арена" кешеніне 35 мыңнан астам адам жиналды. "Қазақстан" және МУЗ-ТВ арналары шараны тікелей эфирден таратты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети