11 мамыр 2016 14:13

Қазақстанда The Voice телешоуы басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Әлемнің ондаған елінде танымал болып үлгерген The Voice ("Дауыс") жобасы Қазақстанда да өткізіледі. Оны қазақстандық продюсерлер голландиялық мамандармен бірге жүзеге асырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жобада Нұрлан Абдуллин, Әли Оқапов, Ева Бехер тәлімгерлік етеді деп күтіліп отыр. "Артишок" театрының актері Шыңғыс Қапин жобаның жүргізушісі болады. Жобаға қатысушыларды іріктеу Алматы (25 мамыр) және Астана (21 мамыр) қалаларында өтеді. Сонымен қатар, жобадан көрінгісі келгендер TheVoice.kz ресми сайтына видео жолдаса болады.

Шоудың жеңімпазы 7 миллион теңгеге ие болады. Жоба қазақстандық телеарналардан қыркүйекте көрсетіле бастайды, финал қаңтар айында болады.

Айта кетейік, "Дауыс. Балалар" шоуына да іріктеу басталады. Балалар үшін жүлде қоры 3 миллион теңге болмақ.

Естеріңізде болса, отандық телеарналардың бірінен бұған дейін "Қазақстан Дауысы" жобасы өткізілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети