Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандық Mezzo тобы Меладзені таңғалдырды

19 Қыркүйек 2016, 15:14
0
Mezzo тобы
Mezzo тобы

Қазақстандық Mezzo тобы украиналық танымал X-Factor шоуының жетінші маусымына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Mezzo ұжымы "Вестсайдская история" мюзиклінің композициясын орындады. Жігіттердің көрсеткен өнерінен қазылар алқасының бір мүшесі - Антон Савлепов қана әсер ала алмағанын айтты.

"Сіздер мен үшін эклектик мысалындасыздар. Сіздердің ұлттарыңыз, сіздер ағылшын тіліндегі әнді өте жаман акцентпен айтып жатырсыздар. Киімдеріңіз де әртүрлі, мүмкін заманауи шығар. Мұның барлығы X-Factor сахнасында болып жатқандықтан, менің субъектив пікірімді айтар болсам, сіздер мені таңғалдыра алмадыңыздар. Сондықтан мен сіздерге "Жоқ" деймін", - деді Савлепов. 

Өз кезегінде украиналық әнші Юлия Санина осы топтың орындауы өзін толқытып жібергенін және жігіттердің нағыз дарын иесі екенін айтты. Украиналық белгілі әнші қазақстандықтарға өзінің "Иә" деген бағасын қойған. 

Қазылардың соңғысы болып Константин Меладзе пікір білдірді. 

"Мен бұл стильмен жақсы таныспын - бұл опера мен поп музыканың қосындысы. Мен Il Divo тобы өнер көрсеткен фестивальде болдым. Олар көп жағдайда жалғандыққа ұрынған еді. Мен сол кезде "Қалайша? Оларды не үшін жақсы көреді?" деп ойлаған едім. Сіздер осы жанрдағы көшбасшыларға қарағанда "түзу" әрі "таза" орындайсыздар. Талғамдарыңыз да жақсы, сіздер нағыз әуенді таңдадыңыздар. Уайымдамасаңыздар болады", - деді Меладзе.

Осылайша қазақстандықтар келесі кезеңге өтті. 

Осыған дейін, украиналық X-Factor шоуының екінші кезеңіне алматылық пианиношы Нұрболат Базарбаев өткен болатын.  

Mezzo тобы классикалық кроссовер бағытында - музыкалық стильде (классикалық және поп музыканың қосындысы бар) өнер көрсетеді. Музыкалық ұжым 2012 жылы Қазақстандағы X-Factor телебағдарламасының соңында іріктеліп, құралған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай