04 қараша 2015 09:22

Қазақстандық әнші әйгілі Fly project тобымен бірге ән жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тамаша Орманбаева © Тамаша Орманбаева

Қазақстандық әнші Тамаша Орманбаева румыниялық әйгілі Fly Project тобының студиясында екі бірдей ән жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Fly Project тобы Toca Toca және Musica сияқты әндерімен көпшілікке танымал.


Қазақстандық әнші Тамаша Орманбаева румыниялық әйгілі Fly Project тобының студиясында екі бірдей ән жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Fly Project тобы Toca Toca және Musica сияқты әндерімен көпшілікке танымал.

Айта кетейік, Тамаша Орынбаева "Хочу в ВИА Гру" шоуына қатысқан. Ол финалдық кезеңге дейін жете алмаса да, Роза Рымбаеваның "Любовь настала" әнімен көрерменнің есінде сақталды. Шоудан кейін оған продюсер Алина Жогулова бірге жұмыс істеуге ұсыныс жасады.

ТamiKa атымен танымал Тамаша Орманбаева Fly Project тобымен жұмыс істеуді жақын арада бастаған. Музыканттар қазақстандық әнші үшін бірнеше ән жазып берді - Wanna және Why Why әндері Fly records студиясында, ал үшінші ән Famous production студиясында жазылды. Ол дәл қазіргі кезде Famous production продюсерлік компаниясында жұмыс істеп жатыр.

Тамашаны қолдау үшін Алматыға арнайы келген Fly Project тобының солистері оның сырт келбеті мен дауысы бірден баурап алғанын айтты. "Біз Тамикамен Румынияда таныстық. Ол бізге ән жазуға келген еді. Біз оның талантын аңғарып, бірге жұмыс істей бастадық. Оны қолдау үшін Қазақстанға келгенімізге қуаныштымыз. Сахнада 10 жылдан аса жүрдік, тәжірибемізбен қуана бөлісеміз. Керемет шоуды қалай жасау керегі жөнінде бірнеше кеңес те бердік. Тамиканың болашағы зор болатынына сенімдіміз", - деді музыканттар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети