Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қазақстандық өнерпаздар "Новая волна-2015" байқауына қалай дайындалып жатыр

29 Қыркүйек 2015, 13:57
0
"Новая волна-2015"
"Новая волна-2015"

2 қазанда Сочиде жас орындаушылардың "Новая волна-2015" халықаралық байқауы басталады. 12 елден келген қатысушылар жиналып, күнде 13 сағаттан музыкалық жарысқа дайындалып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл бұл жарыс бірінші рет Сочиде өткелі тұр. Бірнеше жылдан бері оның Латвия қаласы Юрмалада өткені белгілі. Сонымен қатар, биыл бірінші рет Қазақстанның атынан екі қатысушы барады - әнші Ademi (Динара Қайырова) және Voice KZ тобы.

VoiceKZ тобының солистері - Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері. Олар Euro Pop Contest байқауына қатысып Гран-приді жеңіп алған (Германия), ал "Золотой конкурс-2014" (Ресей) байқауында екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, бұл топ Италияда өткен Canzoni Dal Mondo-2014 халықаралық байқауында "Көрермен көзайымы" деген сыйлыққа ие болды.

Ал әнші Ademi Варнада (Болгария), Ресейде, Испанияда өткен халықаралық ән байқауында бірінші сыйлықтың лауреаты және Сочиде өткен "Надежды Европы" байқауында екінші сыйлықтың лауреаты атанған. Сонымен қатар, ол Австрия, Германия, Италия, Чехияда өткен халықаралық байқауларға қатысқан. Әнші қыз бала кезден "Новая волна" байқауының финалына жетіп, лауреат атануды армандаған.

Таяуда жеребе тасталып, өнерпаздардың сахнаға шығу реттері анықталды. Байқаудың бірінші күнінде, яғни 2 қазанда шараның салтанатты ашылуы болады. Әнші Ademi екінші күні байқау бағдарламасын ашып берсе, Voice KZ тоғызыншы болып сахнаға шығады, ал үшінші күні Ademi екінші болып өнер көрсетсе, бойз-бэнд алтыншы болып сахнаға шығады. Қазір көрермендер дауыс беріп жатыр, оның нәтижесіне сәйкес "Көрермендер көзайымы" анықталады.

Айта кетейік, Қазақстанның атынан осы "Новая волна" байқауына қатысқан ешбір өнерпаз жеңімпаз атанып көрген жоқ. Өнерпаздарымыз мынадай сыйлықтарды ғана елге алып келді: "Көрермендер көзайымы" және "Алла Пугачеваның арнайы сыйлығы". Жүлдегерлердің үштігіне жақындаған Rin’Go тобы (4-орын), Қайрат Түнтеков (4-орын) және The Jigits тобы (4-орын) болды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай