Қазақстандық режиссер түсірген бейнебаян MTV Video Music Awards премиясына ұсынылды

24 Шілде, 10:26
0
Қазақстандық режиссер түсірген бейнебаян MTV Video Music Awards премиясына ұсынылды -

Америкалық 21 Savage және J. Cole рэп-орындаушылардың бейнебаяны MTV Video Music Awards премиясына ұсынылды. Бейнебаянды қазақстандық режиссер Айсұлтан Сеитов түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі режиссердің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

A Lot әні "Жылдың үздік видеосы" атағына таласатын болады. Bad Guy Билли Айлиш, Thank u, next Ариана Гранде, Sucker Jonas Brothers, Old Town Road (Remix) Lil Nas X және Билли Рэя Сайруса және You Need to Calm Down Тейлор Свифт сынды әншілердің туындылары оған бәсекелес болады.

 

MTV Video Music Awards 2019 марапаттау рәсімі 26 тамызда өтеді.  

Айта кетейік, A lot бейнебаянының түсірілімі 2019 жылы Атлантада өтті. Бейнебаянда адамдардың қиын-қыстау кезеңдерін флешбэктер арқылы көрсетіп, дәулетті өмір сүріп, бай дастарқанда отырғаны көрсетілген. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай