Қазақстандық рэпер Скриптонит "Вечерний Ургант" бағдарламасында өнер көрсетті

24 Мамыр 2016, 10:28
0
Қазақстандық рэпер Скриптонит "Вечерний Ургант" бағдарламасында өнер көрсетті - © Видеодан алынған кадр
© Видеодан алынған кадр

Қазақстандық рэп орындаушы Скриптонит "Вечерний Ургант" бағдарламасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейде танымал музыкант бағдарламаның соңында өзінің "Любовь" атты композициясын орындады. "Өткен жылдың соңында Скриптонит дебюттік "Дом с нормальными явлениями" атты әнжинағын шығарған болатын. Ол 2015 жылдың ең жемісті ресейлік рэп әнжинақтарының бірі болды", - деді Иван Ургант.

Айта кетейік, Әділ Жәлелов 1990 жылы 3 маусымда Павлодарда дүниеге келген. Музыкамен ол жасөспірім кезінде айналыса бастайды. 2014 жылдың 27 ақпанында Скриптонит ресейлік әнші Баста жетекшілік ететін Gazgolder қоғамдастығына мүше болды. Журналистер павлодарлық жігіттің "Дом с нормальными явлениями" атты әнжинағын орыстілді хип-хоп жанрындағы төңкеріс деп жазды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай