04 ақпан 2014 13:27

Қазақстандық Витас The Best Asian Man-2014 байқауына қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ардақ Әлекешев. Жеке мұрағатынан Ардақ Әлекешев. Жеке мұрағатынан

Жыл сайын Мәскеуде өткізілетін халықаралық The Best Asian Man-2014 байқауына биыл Қазақстаннан Ардақ Әлекешев және Рустам Батырғалиев барады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көкшетаулық 20 жасар Ардақ Әлекешев Синцзянь университетінде эстрадалық вокал факультетінде оқиды. Ол операдағы ең жоғарғы ер адам дауысының (контр-тенор) иегері. Ардақты ресейлік ерекше дауыс иесі Витасқа ұқсататындар көп. Арман көптеген музыкалық байқаулардың жеңімпазы, соның ішінде IX халықаралық "Славян базары" және "Күншуақ" байқауларының Гран-при жүлдегері. Екінші қатысушы Рустам Батырғалиев Орал қаласынан. Ол қазір Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясында оқиды. The Best Asian Man-2014 байқауы Мәскеуде осымен үшінші рет өткізілмекші. Аталмыш байқауға түр-келбеті азиялық 18-бен 25 жас аралығындағы жас жігіттер қатыса алады. Байқаудың бірнеше этаптан тұратын ақтық сыны және қатысушылардың ұлттық киім үлгілерін көрсетуі 22 ақпанда болады. 2013 жылғы байқаудың қазақстандық қатысушысы "Азияның интеллектуалды мистері" атағына ие болса, 2012 жылғы байқауда отандасымыз "Қыз жүрегін жаулаушы" деген атақты жеңіп алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети