30 қазан 2015 14:52

Көктөбеде Батырхан Шүкенов ескерткішінің 3D-жобасы таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық сәулетші Асхат Бәкіров жобаның эскизі мен 3D-анимациясын көрсетті. 


Алматыда Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық сәулетші Асхат Бәкіров жобаның эскизі мен 3D-анимациясын көрсетті. 

"Бұл ескерткіштің жобасын әнші өмірден өте сала жасадым. Шабытым оянды, бұл жаңалықтан қапаландым және эскизін салдым. Ескерткіш граниттен салынады деп күтіліп отыр, ал суреті - қоладан. Ол айқын көрінуі тиіс. Биіктігі - 4 метр, ені - 5 метр. Мен жобаның авторы ғанамын, менің демеушілерім жоқ, бұл идея қалай жүзеге асады оны білмеймін. Бірақ мен ескерткіштің Алматыдағы Көктөбеге қойылғанын қалаймын", - деді Бәкіров.

Сонымен қатар, Tengrinews.kz тілшісіне Көктөбенің әкімшілігіндегілер идеяны қолдайтындарын айтты. "Бұл өте тамаша идея. Бірақ бірден жауап бере алмаймын, сәулетшімен кездесіп, жобаны көру керек. Аты аңызға айналған әнші Батырханға арналған ескерткішті қоюға болатын орынды көрсетемін, бұл біз үшін қуаныш. Бірақ оған алдымен Алматының мәдениет басқармасына баруға кеңес берер едім, олар ескерткіш қою мәселелеріне жетекшілік етеді", - деді Көктөбе саябағының басшысы Нұрлан Қазиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети