18 қаңтар 2016 09:12

Қостанайлық жігіттер аға-көкенің көмегінсіз Нью-Йоркте топ жарып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Clox тобы. © pancakesandwhiskey.com The Clox тобы. © pancakesandwhiskey.com

Қостанайдан шыққан The Clox рок-тобы ешбір таныс пен байланыссыз, бір ғана батылдығымен Нью-Йоркте топ жарып жүр. 2012 жылы The Deli журналы топты "Үлкен алманың" үздік музыкалық ұжымдарының ондығына қосыпты. Бұл туралы "Қостанай жаңалықтары" газеті жазды. 


Қостанайдан шыққан The Clox рок-тобы ешбір таныс пен байланыссыз, бір ғана батылдығымен Нью-Йоркте топ жарып жүр. 2012 жылы The Deli журналы топты "Үлкен алманың" үздік музыкалық ұжымдарының ондығына қосыпты. Бұл туралы "Қостанай жаңалықтары" газеті жазды. 

The Clox тобының мүшелері - қостанайлық Денис Орынбеков пен Руслан Баймурзин және Одессадан Игорь Резник. Денис ән айтады, гитарада ойнайды, Руслан болса барабанда, ал Игорь бас-гитарашы. Олар әннің әуені мен сөзін өздері ағылшын тілінде жазады.

Денис пен Руслан Америкаға арман қуып 2007 жылы кеткен. Сол жақта олар Игорьді кездестіріп, топ құрады да бірінші әнжинақтарын шығарады. Бүгінде жігіттердің үш әнжинағы бар - "Ready to starve", "Jules verne ep" және "Lullaby". 

"Музыкамен қайда айналыссаңыз да қиын. Қазақстанда да, Ресейде де, Америкада да. Тек Нью-Йорк - бәрі жиналатын орын. Дарындылар да, дарыны жоқтар да. Біз дарындыларына жатамыз деп ойлаймыз. Мұнда аз уақыттың ішінде көп білім алуға болады. Осылайша бүгінде ән мен сөзді жазып жүрген тілді меңгердік. Біз логикаға сай ойладық: орыс тілді аудитория тыңдасын десең - Мәкеуге бар. Әлем тыңдасын десең - Нью-Йоркке бар. Біз әлемді таңдадық", - деді басылым тілшісімен сұхбаттасқан Руслан Баймурзин. 

Топтың әндерін Интернеттен тауып алуға болады. "Топтың көпшілікке танымал болатын күндері алда. Жігіттер де жұмыстан бос уақыттарында музыкамен айналысады", - деп жазады газет тілшілері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети