1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Linkin Park тобының жаңа клипі Честер Беннингтон қайтыс болған күні жарық көрді

Честер Беннингтон. © wallsdesk.com Честер Беннингтон. © wallsdesk.com

Linkin Park тобының жаңа клипі YouTube желісінде Честер Беннингтон қайтыс болған күні жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Talking To Myself әніне түсірілген видеоны 5 миллион қолданушы көріп үлгерген. 

Еске салайық, Linkin Park америкалық рок-тобының солисі Честер Беннингтон суицид жасаған еді. Бұл туралы TMZ құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Полицияның мәліметінше, әнші Калифорния штатындағы Лос-Анджелес округінде өз үйінде асылып қалған күйі табылған. Оның мәйіті 20 шілдеде таңғы уақытта табылғаны айтылады. Кейін Лос-Анджелес билігі әншінің қазасын TMZ, Variety басылымдарына растап берді.