26 ақпан 2015 10:08

Мадонна Brit Awards сахнасында омақаса құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Toby Melville / Reuters ©Toby Melville / Reuters

Американың поп-дивасы Мадонна Brit Awards жүлдесімен марапаттау рәсімі кезінде өнер көрсетіп тұрып баспалдақтан құлап қалды, - деп хабарлайды BBC News.


Американың поп-дивасы Мадонна Brit Awards жүлдесімен марапаттау рәсімі кезінде өнер көрсетіп тұрып баспалдақтан құлап қалды, - деп хабарлайды BBC News.

Мадонна сахнадан жоғары орналастырылған подиумға шығатын сатының үстінде тұрған. Оның үстіне киген ұзын мантияны биші тартып, Мадоннадан шешіп алуы тиіс болған. Алайда бұл жүзеге аспады, себебі биші мантиямен бірге әншіні тартып әкетіп, ол кері қарай құлап түсті. Мадонна құлағаннан кейін біраз уақыт әнін айтпады, бірақ көп ұзамай өнер көрсетуін жалғастырды.

Оқиғаға куә болған басылымның тілшілері әншінің қатты құлағанын айтады. Алайда әншінің Instagram-дағы парақшасында Мадоннаның аман-есен екені, ал оқиға мантияның қатты байланғанынан болғаны туралы хабарлама жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети