05 ақпан 2015 12:49

Махаббат жайлы әндер "Астана Опера" театрында шырқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана Опера" театрының камералық оркестрі Астана Опера" театрының камералық оркестрі

Ғашықтар күні қарсаңында, 13 ақпанда "Астана Опера" театрының камера залында "Бәрі махаббат жайлы" атты концерт өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ғашықтар күні қарсаңында, 13 ақпанда "Астана Опера" театрының камера залында "Бәрі махаббат жайлы" атты концерт өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Концерттің авторы Ирина Кургузкина бағдарламаға түрлі ғасырлар мен жанрлардың музыкалық шығармалары енгізілгенін атап өтті. "Осы бір тамаша кеште тыңдарманға Ференц Лист, Роберт Шуман, Петр Чайковский, Георгий Свиридов, Арно Бабаджанян және Эдвард Григтің музыкасынан рақатқа бөленуді ұсынамыз. Концертте орындалатын туындылар әртүрлі тілде орындалады, алайда музыка аударманы қажет етпейді, ол онсызда жүрекке жетімді", - деді концертмейстер.

Концертте "Астана Опера" театрының солистері Айгүл Ниязова, Роза Нұркей (сопрано), Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано), Бейімбет Таңарықов, Нарұл Тойкенов (тенорлар), Жанат Шыбықпаев, Ескендір Әбжанов және Қазыбек Досмұхамбетов (баритондар), Артұр Қайыпқұлов (бас) ән шырқайды, махаббат музыкасын оркестр солистері Қаламқас Жұмабаева (скрипка) мен Станислав Омаровтар (кларнет) орындайды. 

Халықаралық конкурстардың лауреаты Қазыбек Досмұхамбетов Уильям Шекспирдің сонетіне жазылған Дмитрий Кабалевскийдің "Купидон құдайы" романсын орындайды. "Онда махаббаттың қалай пайда болғаны жайлы сыр шертіледі. Купидон - барша ғашықтар нышаны, аңызға сүйенсек, адамдар тағдыры соның қалауы бойынша қосылып жатады. Сонымен қатар, мен Мүслім Магомаевтың репертуарынан Арно Бабаджанянның "Саған алғыс айтамын" туындысын шырқаймын. Маңызы зор бұл ән ұлы әншіні әлемге әйгілі етті. Мен оның өнеріне табынамын және бұл мен үшін өзінше бір сын болатын ән, аса көрнекті шебердің орындау мәнерінесәл де болса, жақындай түскім келеді", - дейді әнші.

Оның айтуынша, осындай көлемді шығармаларды дүниеге әкелген кезде авторлар өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйенген, сол себепті тыңдарман олардың ішінен әруақытта өзіне тән тұсын тауып ала алады. "Бәлкім біреу өз іс-әрекетінің дұрыс екендігіне көз жеткізер, ал біреудің ұмыт болған махаббатын жандандырғысы келер. Өнерде тәлім-тәрбие жатыр, ол көптеген сұраққа жауап беруге көмектеседі. Адам баласының махаббаты шектелмеуі керек, адам өз сезімін емін-еркін білдіруі қажет, сондықтан мен баршаңызға осы жарық сезімді жаныңыздың қараңғы қуысында құрсауда ұстамауларыңызды тілеймін, неге десеңіз, ол бізге жарқын болашаққа деген сенімділік үшін берілген. Бұл адамдардың бір-біріне шыдамдылық танытып, соғысқа қарсы тұруы үшін, сондай-ақ өмірдегі ең қиын-қыстау кезеңдерді бастан аман-есен өткеру үшін берілген қасиет", - деп атап өтті Қазыбек Досмұхамбетов. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети