Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Мақпал Жүнісова: Менде бір ғана Отан бар, ол - Қазақстан

24 Ақпан 2016, 16:08
0
Мақпал Жүнісова © Instagram.com/zhunusova.makpal
Мақпал Жүнісова © Instagram.com/zhunusova.makpal

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Мақпал Жүнісова "Өз елімнен кететін шығармын" деген сөзін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, өткен аптада Интернет басылымдары әншінің берген сұхбатын жариялап, кейін әлеуметтік желілерде бұл сөзіне қатысты бірқатар сыни пікір айтылды.

Нақтырақ айтқанда, әншінің әңгіме арасында "Елімнен кететін шығармын" деген сөзі сұхбаттың тақырыбына айналып, өзгелер Жүнісованың сол сөзін ғана айтумен болды. Біз өз кезегімізде халқының ерке қызына айналып үлгерген әншінің бұлай деуіне нендей негіздің, нендей себептің болғанын білуге тырыстық. Жүнісованың өзі үзілді-кесілді ондай мәлімдеме жасаған жоқпын деп отыр.

"Ол тақырыпты мен қойған жоқпын. Журналистердің сондай тәсілдері бар екен ғой, - деп налыды әнші. - "(...) Енді өзіміз де зейнеткерлік жасына жақындап қалдық, ауылға барып тұрамыз ба, басқа мемлекетке барып тұрамыз ба деген сияқты өзімде ой болған. Үзілді-кесілді, түбегейлі мен өз елімді тастап қайда барамын? Менде бір ғана Отан бар, ол - Қазақстан. Менде басқа Отан жоқ. Сондай сұрақ болғанда солай жауап берген едім", - деп түсіндірді өз сөзін Жүнісова.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова өнер жолында жүргеніне 35 жыл толуына орай еліміздің бірқатар қаласында мерекелік жеке ән кешін өткізіп жатыр. Атап айтқанда, 17-18 ақпанда Талдықорған қаласында өткізсе, 8 наурызда - Көкшетау, 9 наурызда - Қостанай, 21 наурызда - Ұзынағаш, 22 наурызда - Қаскелең, 9 сәуірде - Астана және 30 сәуірде Алматыда өткізеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай