1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Мархаба Сәбиева Diamonds Voice 2014 байқауында жеңіске жетті

Мархаба Сәбиева. Фото diamondvoice.com сайтынан Мархаба Сәбиева. Фото diamondvoice.com сайтынан

Diamonds Voice 2014 музыкалық байқауының ересектер тобында өнер көрсеткен қазақстандық әнші Мархаба Сәбиева жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 жастағы әнші қыз 172 балл жинап, әртүрлі елден қатысқан 15 өнерпаздан асып түсті. Сонымен қатар орташа топта өнер көрсеткен алматылық Әсет Балғазин конкурстың І сыйлығын ұтып алды. Халықаралық Diamonds Voice 2014 фестивалі 26 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Прагада өтті. Халықаралық қазылар алқасының қатарында "Бозторғай" халықаралық байқауының директоры Қарлығаш Әбдікәрімова болды.

Айта кетейік, Мархаба Сәбиева "Қазақстан дауысы" жобасына қатысқаннан кейін таныла бастады. Бір жылдан соң ол Қазақстан атынан "Славян базары-2014" халықаралық музыкалық байқауына қатысып, үшінші орынды иеленді. Ал 2014 жылы Turkvizyon-2014 байқауының ұлттық іріктеуіне қатысты.