Майкл Джексонның әйгілі биі, "Адай" күйі мен SOS d'un terrien. Димаш Құдайберген Лондонда өнер көрсетті

20 Қараша 2018, 09:57
0
Майкл Джексонның әйгілі биі, "Адай" күйі мен SOS d'un terrien. Димаш Құдайберген Лондонда өнер көрсетті -

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Лондонда жеке концертін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірегей DQ шоуы Indigo at the O2 концерт залында болды.

Әнші концертін "Қазақстан, алға" символикалық әнімен ашты. Көрермендердің көңілін көтергеннен кейін, ол бірнеше лирикалық баллада да айтты. Олардың қатарында - Димаштың әкесі Қанат Айтбаев жазған жаңа ән мен "Махаббат бер маған" атты сезімге толы композициясы болды. Әншіге бұл әндерді орындауға зал да көмектесті, шетелдік әйелдер қазақ тілін білмесе де, кумирімен бірге ән шырқап тұрды. 

Концерт бойы әнші залдағы адамдармен қалжыңдасумен болды. Әрбір әннен кейін жанкүйерлер оған махаббатын білдірді, ал оның жауап ретінде I love you more дегені тыңдарманды одан әрі сүйсіндірді.  Ол сондай-ақ "Жандарым, thank you very much", "Dears, рахмет" деп барша келгендерге алғысын білдірді. 

Әнші Майкл Джексон әндерінен попурри орындап, поп-музыка королінің әйгілі би қимылын биледі.

Жүрек тебірентер сәт, әнші досына, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге SOS d'un terrien композициясын арнағанда болды. Димаш бұл әнді орындап жатқанда көз жасын ұстай алмады. "Бұл нағыз батырдың өзі. Ол біздің жадымызда мәңгі қалады", - деді әнші.

Димаш Құдайберген қытайлық жанкүйерлерін де қуантып, "Адажио" әнін шырқады. Дәл осы ән оны Қытайда болған I'm the Singer жобасында бүкіл әлемге танытқан еді.

Indigo at the O2 концерт залы лық толы болды. Әншінің әкесі Қанат Айтбаевтың айтуынша, онда әлемнің 47 елінен жанкүйерлер жиналған. Олардың ішінде 50 жастан асқан әйелдер көп.

Концерт live-band сүйемелдеуімен, би қойылымдары және 3D эффектілермен өтті. 

Бұдан бөлек, Димаш Құдайберген домбырада "Адай" күйін орындады. 

Әншіге қолдау көрсету үшін танымал ағылшын орындаушысы Талия Сторм келді. Қыз YouTube хостингі мен Instagram әлеуметтік желісінде үлкен аудиторияға ие. Ол қазақстандық жігіттің концерті туралы өзінің блогында хабарлаған. 

Сонымен қатар концертте әншінің анасы Светлана Айтбаева болды. Ол қазақтың ұлттық стилінде киініп, ірі әшекей-бұйымдар таққан. 


Светлана және Қанат Айтбаевтар

Сонымен қатар, бірегей шоуды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова тамашалады. Оның айтуынша, DQ шоуы "Шетелде жас дарындарға қолдау көрсету" бюджеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай