18 шілде 2018 14:10

"Мен де жаман емеспін" - Әmre Димаш Құдайбергенмен салыстыру жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/amre_official © instagram.com/amre_official

Ернар Садырбаевтың тыңдармандары әншіні Астана әуежайында күтіп алды. Қазақстандық орындаушы биыл Витебскіде (Беларусь) өткен "Славян базары-2018" халықаралық байқауында 1-орын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ернар Садырбаевтың тыңдармандары әншіні Астана әуежайында күтіп алды. Қазақстандық орындаушы биыл Витебскіде (Беларусь) өткен "Славян базары-2018" халықаралық байқауында 1-орын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші түнгі сағат 3-те ұшып келді. Оны қымызбен, кәмпиттермен, шарлармен, плакаттармен, сондай-ақ, шашумен күтіп алды. Кейбір тыңдармандары Instagram желісінде тікелей эфирге шықты.

"Осы уақыт бойы маған моральдық қолдау көрсеткендерге, пікірлер жазып, видео жолдаған барлық жерлесіме, қазақстандықтарға шын жүректен алғыс айтамын. Расында да бұл маған қатты көмектесті. Себебі бірінші және екінші турда мен кішкенен сырқаттанып қалдым, бірақ кейін үшінші турда сәтті өнер көрсеттім", - дейді Ернар.

Кейінірек әнші әлеуметтік желілерде оны Димаш Құдайберген салыстырып жатқанын байқағанын айтты.

"Енді ұшып келіп, Instagram ашып, кейбір адамдардың пікірлерін оқып алдым. Әрине, мені Димашпен салыстырып жатқаны маған ұнайды. Мен оны адам ретінде, дос ретінде өте қатты жақсы көремін. Біз онымен бұрыннан таныспыз. Мені онымен салыстырудың өзі - мен үшін үлкен қошемет. Бірақ оның мүлде басқа адам екенін түсіну қажет. Ол өзінің стилінде өнер көрсетеді, ал менің өз стилім бар. Ол феномен - оны барлығы біледі. Бірақ мен де жаман емеспен. Қалай болған күнде де біз әр түрлі адамбыз", - деді Ернар.


© Владимир Прокопенко

Сондай-ақ, әнші продюсері Жан Мұқановқа алғысын айтты.

"Ең бастысы қасымда ешкім қалмағанда Жан аға маған сенді. Ол болмағанда мұның барлығы болмайтын да еді", - деді Әmre.

"Славян базары-2018" байқауында бірінші орын алған Әmre туралы не білеміз?

Еске сала кетейік, қазақстандық әнші Ернар Садырбаев халықаралық "Славян базары" байқауында жоғары балға ие болды. Байқаудың нәтижесі бойынша, отандасымыз 156 балл жинады. Румынияның намысын қорғаған өнерпаз да осындай балл алды. Алайда, әділ қазылар алқасының төрағасы Александр Морозовтың шешімімен Гран-при Румынияға берілді. Бірінші орын Қазақстанға, екінші орын Украинаға, ал үшінші орын Польша мен Беларусь елдеріне берілді. Бірінші орынға ие болған Ернарға 15 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы табыс етілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети