19 қыркүйек 2016 15:57

Молданазардың жаңа бейнебаянына жүрегі елжіреген жұрт аналарына телефон соға бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымжан Молданазар. © colta.ru Ғалымжан Молданазар. © colta.ru

Қазақстандық музыкант Ғалымжан Молданазар "Өзің ғана" деп аталатын махаббат туралы жаңа әнін шығарды. Жан тебірентер бейнебаян таяуда Желіде пайда болып, қазақстандықтарды тәнті етті, тіпті кейбір қолданушылар бейнебаянды көргеннен кейін қолына телефон алып, ата-анасына хабарласа бастапты. Ғалымжан Молданазар бұл туындының айтары не болғанын және бейнебаянды түсіру барысында қандай қиындықтардың кездескенін Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 


Қазақстандық музыкант Ғалымжан Молданазар "Өзің ғана" деп аталатын махаббат туралы жаңа әнін шығарды. Жан тебірентер бейнебаян таяуда Желіде пайда болып, қазақстандықтарды тәнті етті, тіпті кейбір қолданушылар бейнебаянды көргеннен кейін қолына телефон алып, ата-анасына хабарласа бастапты. Ғалымжан Молданазар бұл туындының айтары не болғанын және бейнебаянды түсіру барысында қандай қиындықтардың кездескенін Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

Жаңа музыкалық өнім дәстүрлі ретроспективалық стильде түсірілген. Сценарий авторы әрі режиссері Мәлік Зеңгер, Молданазар онымен осыған дейін де бірге жұмыс істеген. Орындаушының айтуынша, "Өзің ғана" әні махаббат туралы баяндайды. 

"Сөзі өте қарапайым, әнде адамдардың бір-біріне тәуелді екені, үлкен сезімдер жайлы айтылады. Ән дайын болғанда мен Мәлікке хабарласып, бейнебаян шығару жайында айттым. Сценарийін көрсеткенде мен бірден келісіп, жұмысқа кірісіп кеттік. Осы еңбегіміз арқылы адамдарға өмірде маңызды дүниелердің бар екендігін көрсеткіміз келді. Себебі қазір қоғам біздің қарттарымызға назар аударуды қойды. Көбі ақшаның құлқынымен, мансапқа қызығуымен, сауық қуып жүріп, бізге осындай алаңсыз өмір сыйлаған адамдарды ұмыт қалдырды. Кейбірі тіпті ата-анасына телефон соғуды, жағдай сұрасуды ұмытып жүр", - деді Ғалымжан Молданазар. 

Орындаушының айтуынша, бұл жоба коммерциялық табыс табуды емес, әлеуметтік мәселені көтеруді көздеген. Түсірілімдерге Молданазардың таныстары мен достары шақырылыпты, сондықтан да қаржылай шығын аз болыпты. Бейнебаянға Алматыдағы Ардагерлер үйінің зейнеткерлері қатысты. Кастингке және түсірілім жұмыстарына шамамен бір ай қажет болыпты.   

"Жобаның барлық қатысушысы да идея үшін жұмыс істеді, бірігіп, бір деммен түсірдік. Түсірілім орнын тапқанымызда құрылыс жұмыстары көп болды. Ешкім де "мен режиссермін" немесе "мен қоюшымын" деп, қашқан жоқ. Барлығымыз бірге жұмыс істедік. Түсірілім кезінде актерлермен жұмыс істеудің қиынға соғатынын ойладық. Түсірілім жұмыстары баяу өтетіндіктен және актерлердің басым бөлігі егде жастағы кісілер болғандықтан қатты уайымдадық. Кейіпкеріміздің ең егдесі 95-те. Бірақ барлығы шыдап, көңіл-күйлері көтеріңкі болды", - деді орындаушы. 

Ал әлеуметтік желі қолданушылары бұл бейнебаянның әсерінен тіпті ата-анасына телефон соғып, бар жақсылықты тілегенін, алғыс айтқанын жазып жатыр. 

"Жылатты. Бала, туғандарына сыймаған ата-апалар... Ардагерлер үйі... Жүздері таныс. Көздері. Көздерііі... Сапалы да мағыналы дүние үшін раxмет", - деп жазды қолданушылардың бірі Айкерім Нұқпаева. "Ғалымжанның клиптері бірінен бірі өтеді. Жарайсың!", - деп әсерін бөлісті тағы бір қолданушы Анара Мұстафинова. 

Айта кетейік, Ғалымжан Молданазардың өзі бейнебаянда көрінбейді. Мұндай шешімді ол өзіне назар аудармау үшін жасағанын айтты. "Көрермендер назарын маған аудармауы үшін осындай шешім жасадық, айтқымыз келген ойымызды түсініп, Мәлік Зеңгердің тамаша жұмысынан ләззат алсын деп ойладық", - деді музыкант.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети