21 маусым 2019 20:21

Мұрат Құсайынов сандықтағы әндері, отбасы, табыс көзі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші, композитор, "Дос-Мұқасан" тобының көркемдік жетекшісі Мұрат Құсайынов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші, композитор, "Дос-Мұқасан" тобының көркемдік жетекшісі Мұрат Құсайынов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұрат Құсайынов өз сұхбатында "Дос-Мұқасанның" 50 жылдығына арналған былтырғы концерт жайлы, Кеңес кезеңінде тойға шығуға тыйым салынғаны туралы, өзін жас сезінетіні жайлы айтты.

Сонымен қатар, әнші шығармашылығына байланысты балаларының тәрбиесіне көп көңіл бөле алмағанын айтады. Бірақ қазір соның есесін немерелеріне қайтарып жатыр екен. Әнші Ақсақалдар кеңесі ашылса, халық пен билік арасын байланыстыру үшін оның бір мүшесі болатынын айтты. Сондай-ақ, Мұрат Құсайынов қазір өзінің табыс көзін атады.

"Кеңес одағы кезінде де мен жақсы табыс таптым. Авторлық гонорарларым бар. Концерттерден, корпоротивтерден пайда түседі. Әрине, ақсүйек емеспін, өз-өзіме жетеді. Алақанымды жайып, ешкімнен ақша сұрап жүрген жайым жоқ", - дейді композитор.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына, актриса Гүлназ Жоланова, актер Жахан Отарғалиев, актриса Дариға Бадықова, жас әнші Kain Rivers, телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері және тағы басқалар қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети