Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Муз-ТВ жүлдесінің сайтында "Қазақстанның үздік әртісіне" дауыс беру басталды

21 Сәуір 2015, 14:35
1

Муз-ТВ жүлдесінің сайтында "Қазақстанның үздік әртісіне" дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның үздік әртісі" аталымына Жанар Доғалова, Қайрат Нұртас, Нұрлан Абдуллин, "МузАрт" тобы және Әли Оқапов ұсынылған. Номинанттардың бестігін құрамына өнер қайраткерлері, продюсерлер, музыка сыншылары және музыканттар кірген қазылар алқасы таңдады. Дауыс беру 5 маусымға дейін жалғасады, жеңімпаз "Астана Арена" стадионында өтетін Муз-ТВ жүлдесінде белгілі болады.

Премияның салтанатты шарасын Андрей Малахов, Ксения Собчак, Максим Галкин және Лера Кудрявцева жүргізеді. Ал  француз әншісі Imany және Arash&Helena хэдлайнер болады. Концертке шақырылғандардың арасында ресейлік жұлдыздар Йосиф Кобзон, Николай Басков, Валерия, Константин мен Валерий Меладзелер бар. 

Айта кетейік, 4 маусымда Астанада премияның pre-party шарасы өтеді - Open Air гала-концерті. Астаналықтар мен қонақтардың алдында 50 әртіс өнер көрсетеді, олардың қатарында мына әртістер бар: Глюк’оZа, Джиган, Юля Савичева, M-BAND, Бьянка, "Дискотека Авария", Ирина Дубцова, Митя Фомин, "Градусы", "Банд'Эрос", "Фабрика", Виктория Дайнеко, Анна Семенович, Сати Казанова, Томас Nevergreen, Стас Костюшкин, Александр Ревва, Доминик Джокер.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай