25 қараша 2016 10:07

"МузАрт" тобы 15 жылдығына орай Алматыда концерт береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"МузАрт" тобы 2016 жылы 27 қарашада Республика сарайында өтетін концертте халықтың сүйіп тыңдайтын 28 әнін орындайды. Бұл туралы Сәкен Майғазиев "Жұлдыз FM" радиостанциясының эфирінің үзілісінде Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 


"МузАрт" тобы 2016 жылы 27 қарашада Республика сарайында өтетін концертте халықтың сүйіп тыңдайтын 28 әнін орындайды. Бұл туралы Сәкен Майғазиев "Жұлдыз FM" радиостанциясының эфирінің үзілісінде Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

Оның айтуынша, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған концерт екі уақытта болады - біріншісі 16.00-де, екіншісі 19.30-да. "15 жылда біз 100-ден асан ән жаздық. Концертте барлығын орындай алмаймыз. Бірақ біз халық сүйіп тыңдайтын 28 әнді таңдап отырмыз. Сонымен қатар, жаңа әндерді де орындайтын боламыз", - деді ол. 

Оның айтуынша, сахнаға өзі, Мейрамбек Бесбаев және Кенжебек Жанәбілов жеке шығып та ән орындайды. Сонымен қатар, "МузАрттың" бұрынғы әншісі Мақсат Базарбаев та сахнаға шығады. Сондай-ақ, топтың келесі жылы Қазақстан қалаларында жеке шығармашылық концерттерін беру жоспарланған. 

Майғазиев "МузАрт" тобының "Жұлдыз FM" радиосымен тығыз байланыста екенін айтты. "Жұлдыз ҒМ" әрқашанда қазақ тілінде шыққан сапалы әндерді қояды. Бұл радио менің жүрегімде ерекше орын алады. Онда нағыз сапалы дыбыс пен мықты жүргізушілер жұмыс істейді. Әрқашан жаңа ән шыққан уақытта біз "Жұлдыз FM" радиосында шығуын қалаймыз", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети