05 шілде 2019 17:48

Музыка энергиясы. The Spirit of Eurasia. Live

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ


20.55 Сахнада UDU жобасы, олар Литва мен Бурятия атынан шығады!

20.25 "Елорда тұрғындары мен қонақтары тамашалауы үшін бүкіл әлем бойынша әртістерді іздеп, ең үздіктерін таптық. Оларды іріктеу кезеңі өте тиянақты өтеді, бізге музыканттар мен продюсерлер жиналатын ірі халықаралық көрмелерге баруға тура келеді. Іс-шараға жарты жыл қалғанда жобаға қатысуға өтініш жабылып қалады", - деді The Spirit of Tengri жобасының бас менеджері Сергей Майборода.

20.00 "Жұлдыз FM-нен" селфи байқауына қатысыңыз! Фестивальде түскен фотосуреттерді Instagram желісіндегі парақшаңа #thespiritofeurasia #thespiritofeurasia2019 #хочунасpirit #spiritкебарғымкеледі хештегтерімен жариялаңыз. Жеңімпаз Оралдағы The Spirit of Tengri жобасының фестиваліне қатысуға мүмкіндік алады! Сондай-ақ, үздік фото авторларын ұлттық радиостанциядан естелік сыйлықтар күтеді.

19.50 Сахнада Африка құрлығына келген қонақ - мозамбик-испан орындаушысы Child o Thomas, оның шығармашылығында Латын Америкасы (Бразилия, Венесуэла және Мексика), еуропалық музыка (Испания) және өзіндік Африка әуендері (Мозамбик) бар.

19.25 The Spirit of Eurasia-ға Алматыдағы The Spirit of Tengri кезінде өткен селфи байқаудың жеңімпаздары келді.

19.00 Фестиваль көрермендері үшін тосынсый - Таулы Шориядан келген әнші Чылтыс Таннагашева мен қазақстандық DJ Нариман Исеновтың бірлескен қойылымы.

Орындаушы өнерімен елордаға жаңбыр шақыруға уәде берді. Оның айтуынша, бүгін 00.00-ге дейін жаңбыр жауса, Қазақстанға игілік келеді.

18.40 "Біздің репертуардағы әндердің көбі - авторлық және халық композиторларынікі. Күй, композициялар бар. Топ стилі - new age, ескі әндерді жаңартумен айналысады. Біз The Spirit of Eurasia сияқты фестивальге қатысып жатқанымызға өте қуаныштымыз!",- дейді Ashina музыканттары.

Алматылық Дайана Қалыбек Қытайдағы оқуын кейінге қалдырып, фестивальге арнайы ұшып келген. 

18.25 Келесі сахнаға Латвия ұжымы ZeMe шығады!

Бұл жоба ерекше музыканттар - кокле "ханшайымы" Лайма Янсон және бит пен электроника шебері, диджей Monsta-ның бірігуімен құрылған. Ұжым әуені алдыңғы қатарлы технологиялармен үйлесе отырып, мұра болып қалған латыш дәстүрлерінен шабыт алған. 

18.15 "Биылғы елордадағы фестивальде Еуразия континентін көрсететін көп ұжымды біріктіруге тырыстық. Неге Еуразия? Өйткені біздің астанамыз Еуразия құрлығының орталығында орналасқан. Осы жылы бізде алғаш рет Оңтүстік Кореядан келген ұжым өнер көрсетеді және сахнамызда алғаш рет "Радик Тюлюш & Mapa" ұжымының дебюті болады. Мара деген - Алексей Иванов, ол өз уақытында посткеңестік кеңістікте "Иван Купала" жобасымен танылған. Еуразиялық қатысушылардан бөлек мұнда Африка континентінен де ұжымдар болады. Зимбабведен шыққан Mokoomba тобы - фестивальдің жарқын гауһары. Мұндай ұжым Орталық Азия кеңістігінде әлі жоқ", - деді The Spirit of Eurasia бас продюсері Жан Қастеев.

17.55 Сахнада Қазақстан өкілі - Ashina тобы. Олар қазақ халық аспаптарында ойнайды: сыбызғы, домбыра, қобыз, қыл-қобыз, сондай-ақ, гитара, бас және барабан дыбысын көмейден шығатын үнмен үйлестіреді.

17.36 The Spirit of Eurasia заманауи этникалық музыка халықаралық фестивалі басталды!!! Керемет шоудың алғашқы күнін домбырашылар ашты.

Екі күндік ауқымды шоу EXPO аумағында жазғы сахнада өтіп жатыр, кіру тегін. Іс-шара Қазақстандағы Жастар жылы аясында қала әкімдігінің қолдауымен өтеді. Қонақтарды Wyndham Garden Astana қонақ үйі қарсы алды. Фестивальдің ресми суы - Calypso.

The Spirit of Eurasia екікүндік музыкалық шоуы - 2012 жылы Tengri FM радиостанциясы құрған The Spirit of Tengri халықаралық жобасынан шыққан фестиваль. Бұл мультимәдени жобаның мақсаты - Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасын Қазақстан жеріндегі заманауи EthnoWorld-музыканың ең танымал өкілдерін біріктіре отырып таныстыру.

The Spirit of Eurasia фестивалі 5 және 6 шілдеде EXPO аумағында жазғы сахнада өтеді, басталуы - 17.00-де, кіру тегін!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети