03 қазан 2014 10:43

"На вершине Тенгри": IV концерт финалистері "Крематорий" тобымен өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Paradox тобы. Paradox тобы.

Алматыда Tengri FM ұлттық радиостанциясы ұйымдастырған "На вершине Тенгри" жобасының IV маусымы аясындағы концерттердің қазан сессиясы басталды. Концертке қазақстандық тоғыз рок-топ қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Tengri FM ұлттық радиостанциясы ұйымдастырған "На вершине Тенгри" жобасының IV маусымы аясындағы концерттердің қазан сессиясы басталды. Концертке қазақстандық тоғыз рок-топ қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үш апта бойы командалар бір сахнада үш-үштен өздерінің үздік композицияларын орындайтын болады. Қазылар алқасы жартылай финал үшін бір топтан іріктейді, жартылай финалда командалар желтоқсан айындағы ақтық сайысқа жолдама алу үшін бәсекелеседі. Айта кету керек, айдың төртінші концертінде іріктелген үш команда маусымның хедлайнерімен бір сахнада өнер көрсететін болады, бұл жолғы қонақ - "Крематорий" тобы.

Ал алдағы сенбі - 4 қазан күні қазақстандық Paradox, Faqtory және "Тұма" топтары өнерлерін көрсетеді. Концерт сағат 20.00-да басталады. "Tengri FM радиосы қолға алған жоба, шынымен де, бірегей әрі республика үшін маңызды. Бұл шарадан жанды музыканы, интеллект жағынан дайындалған көпшілікті және жақсы көңіл-күйді күтеміз. Қазіргі "пластМасса" музыкасы дәуірінде "На вершине Тенгри" - музыканы таза ойнайтын өнерпаздар үшін судан құтқару құралы", - дейді Paradox тобының қатысушысы Юрий Леонов.

"Тұма" тобының солистері де ұйымдастырушыларға алғыс айтты. "Бірнеше жағымды жайтты атап өткім келеді: жанды дыбыспен өнер көрсету қорытындысы бойынша айлық сессия финалистерін іріктеу. Бұл өте әділетті. Аты аңызға айналған рок-музыканттармен бірлесе өнер көрсету. Бұл - пікір мен тәжірибе алмасудың тамаша мүмкіндігі, Қазақстанда ол жетіспей жатады", - дейді музыканттар.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының қыркүйек сессиясының финалдық концерті өткен еді. Ресейдің "Агата Кристи" тобының бұрынғы фронтмені Глеб Самойловпен бірге қазақстандық iFly, "Алатау Jam" және Нadn't tea топтары акустикалық шығармалар орындады. Сессияның жеңімпазы деп, Hadn't tea тобы танылды. Ол желтоқсан финалына өтіп, жоба серіктесі - APM music Land музыкалық аспаптар дүкенінен 100 мың теңге сыйлыққа ие болды.

"На вершине Тенгри" байқауы - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылдан бастап ұйымдастырып келеді, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети