31 қазан 2014 17:43

"На вершине Тенгри" концертіне Some Toir, The Moloty, "Эклектика" топтары қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Some Toir тобы Some Toir тобы

1 қарашада "На вершине Тенгри" жобасының іріктеу концерттерінің қараша айындағы сессиясы басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарашаның алғашқы концертінде алматылық Some Toir, The Moloty және "Эклектика" топтары өнер көрсетеді. Кеш Event City Hall (бұрынғы Cinemabar) залында сағат 19.30-де басталады.


1 қарашада "На вершине Тенгри" жобасының іріктеу концерттерінің қараша айындағы сессиясы басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарашаның алғашқы концертінде алматылық Some Toir, The Moloty және "Эклектика" топтары өнер көрсетеді. Кеш Event City Hall (бұрынғы Cinemabar) залында сағат 19.30-де басталады.

Ұйымдастырушылар мен музыканттар көрермендерге ерекше әсер мен өздерінң сапалы музыкасын тарту еткелі отыр. "Біз көрермендерге ырғақты электронды дүниелер, гитара мен рок-н-ролл тақырыбын, тіпті, аздаған хип-хоп та ұсынамыз. Көңіл-күйге ерік беріп, махаббат пен биік құндылықтар туралы айтамыз. Кешке қатысатын топтардың құрамы ерекше - кез келген талғам мен аудиторияға арналған қазіргі заманғы музыка. Tengri FM Алматыны тағы да қызықты шығармалармен қуантатын болады", - дейді "Эклектика" ұжымының мүшесі Дмитрий Щеголихин.

Қараша айында болатын барлық үш концерттен (1, 8 және 12 қараша) іріктелген жеңімпаздар 14 қараша күні "Конец фильма" тобымен бір сахнада өнер көрсетеді. Топ жетекшісі Евгений Феклистов іріктеу сындарынан өткен музыканттармен бірге өнер көрсетудің тұтас музыкалық бағдарламасын әзірлеген.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының қыркүйек сессиясының финалдық концерті өткен еді. Ресейлік "Агата Кристи" тобының бұрынғы фронтмені, қазіргі The Matrixx тобының жетекшісі Глеб Самойловпен бір сахнада қазақстандық iFly, "Алатау Jam" және Hadn't tea топтары өнер көрсетті. Олар акустикалық кеш ұсынды. Сессия жеңімпазы Hadn't tea желтоқсан айында өтетін финалға жолдама алды. 24 қазан күні екінші финал өтіп, онда LampЫ Orchestra тобы жеңіске жетті. Финалға өту үшін Paradox және "КуКумбер ұжымдары да бақ сынады. Екінші жартылай финалдың басты қонағы "Крематорий" тобы болды. Енді үшінші финалист анықталғаннан кейін музыканттар "На вершине Тенгри" жобасының үздік тобы атану үшін бәсекелесетін болады, финал алдағы желтоқсан айында өтеді. 

"На вершине Tенгри" - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылы қолға алды, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети