19 наурыз 2014 20:21

"Наурыз Jam" фестивалі төрешілерінің құрамы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nauryz Jam Nauryz Jam

20 және 21 наурыз күндері "Сутеденттер сарайында" өтетін "Наурыз Jam" студенттік фестивалі төрешілерінің құрамы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Студенттердің қойылымдарын Жәмиля Серкебаева, Фархат Шарипов, Ерлан Стамбеков, Ирэн Аравина, Еркеш Шакеев және қазылар құрамының төрағасы Әлішер Сүлейменов бағалайтын болады. Студенттер мюзиклының фестивалі осымен төртінші жыл қатарынан Алматыда өтеді. Жыл сайын бұл шараға Алматы қаласының ірі оқу орындары қатысады. Командалар "Дала тарихы" деген тақырыпта толық мюзикл көрсету керек. Бұл жылы аталмыш іс-шараға Қазақ бас саулет-құрылыс академиясы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы энергетика және байланыс университеті, "Тұран", Каспий университеті, СДУ, Азаматтық авиация академиясы, ХБА, Қазақстан-Неміс университеті және Халықаралық IT университеті сынды 10 жоғары оқу орындарының командалары қатысуға ниет білдірген. Әрбір командамен вокал және хореография мамандары сонымен қатар режиссерлар жұмыс істеген. "Біз басында барлық командамен жеке әңгімелестік. Олардың болашақ сценарийлерінің қаңқасын сұрадық. Командалар өз нұсқаларын ұсынды. Содан кейін ақылдаса отырып кейбір жерлерін алып, кей жерлеріне қосып сценарийді толықтырдық. Кейін дайындыққа кірісіп кеттік", - дейді "Наурыз Jam" фестивалінің бас режисері Сергей Майборода. Айта кетейік, IV "Наурыз Jam" фестивалін Pantograph продюссерлік орталығы Tengri FM радиосы және СТВ телеарнасымен бірлесіп ұйымдастыруда. "Нарықта қалыптасқан негізгі франшизалар бар. Ал "Наурыз Jam" Қазақстанның өнімі, біздің төл туындымыз. Әзірге фестивалге тек Алматы қаласының жоғары оқу орындары қатысып жатыр. Бірақ, біз бұл шараның аясын кеңейтудеміз. V "Наурыз Jam" фестиваліне басқа қалалардың да командалары қатысуы мүмкін", - дейді шараның продюсері Жан Қастеев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети