13 қаңтар 2017 14:10

Ninety One тобы Өскемендегі концертін өткізбейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атышулы Ninety one тобы Өскемендегі концертін кейінгі қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Атышулы Ninety one тобы Өскемендегі концертін кейінгі қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өкінішке қарай, Өскемен қаласындағы кешіміз ұйымдастырушылардың кәсібилігі жоқтығынан және олардың концертті ұйымдастыруға деген қарым-қатынасының дұрыс болмауына байланысты өтпейтін болды. Концертке сатып алған билеттеріңізді алған жерлеріңізден қайта кассаға қайтара аласыздар!", - делінген әншілердің Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, осыған дейін топтың концерті Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды және Жезқазған қалаларында өтпей қалған еді. Оған халықтың наразылығы себеп болған. Мәселен, Ақтөбеде он шақты жігіт жиналып, журналистерді жинап, концерттің өтуіне қарсылық білдірген еді. Кейін ұйымдастыршылар концерттің өтпей қалуына байланысты алты миллион теңге талап етті. Ал Қарағанды мен Жезқазғанда бастамашыл топтар концерттік іс-шараны өткізбеуді сұрап, әкімдікке хат жолдаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети