10 маусым 2017 10:33

Nomad way фестивалінде Батырхан Шүкеновтің әні орындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nomad Way көшпелі халықтардың фестиваліне қатысатын музыканттар Астанаға келіп жатыр. Олар елордалық көрермендерді тосынсыйлармен таңғалдырамыз деп уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қатысушылар фестиваль қарсаңында өздері жайлы және осы іс-шарадан не күтетіндері жайлы айтып берді.


Nomad Way көшпелі халықтардың фестиваліне қатысатын музыканттар Астанаға келіп жатыр. Олар елордалық көрермендерді тосынсыйлармен таңғалдырамыз деп уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қатысушылар фестиваль қарсаңында өздері жайлы және осы іс-шарадан не күтетіндері жайлы айтып берді.

"Бізде этникалық стиль. Барлық әндерді орындаймыз, бірақ барлығын ұлттық аспапта орындаймыз. Бағдарламамыздың бір бөлігі жаңа болса, екінші бір бөлігі бұрынғы халық сүйіп тыңдайтын әндер болады. Ал соңында біз тыңдармандар білетін әндерді қосып, барлығыз би билейміз. Көрермендер рақаттанатын болады. Бастапқыда біз тыңдармандарымызды бір ойға салып, оларды армандатып, ата-бабаларымызды еске алдыратындай етіп бағдарлама дайындадық", - "Арғымақ" тобының (Башқұртсан) солисі Ринат Рамазанов.

Cондай-ақ, ол "Арғымақ" тобының бұл жолы ерекше өнер көрсететінін айтып өтті.

"Біз концерттерді толқындармен және синусоидтармен өткізуге тырысамыз. Сол кезде ғана концерттің соңында би билеп, рақатқа батуға болады. Біз кез келген көпшіліктің алдында өнер көрсетуге дайынбыз. Кейде адамдарды бірдеңемен таңғалдыру қиынға соққан жағдайлар да болды. Бірақ концерт соңында синусоидтар барлығын билетіп, рақаттандырады. Барынша беріліп өнер көрсетуге тырысамыз", - деді музыкант.

Сонымен қатар, музыкант ұлттық аспаптары құрай жайлы айтып өтті. "Құрай - біздің ұлттық аспап. Біз оны "рухани аспап" деп атаймыз. Бұл аспаппен сахнаға шыққан сәтте біз халыққа оларға жақсы бір дүние және жарқын сәттерді сыйлағымыз келеді", - дейді  Ринат Рамазанов.

Ал қазақстандық "Тиграхауд" тобының мүшесі Данияр Жақиянов өзінің тобының осы фестиваль арқылы жастарға ата-бабаларын мақтаныш тұтатындай  сезімдерді жеткізгісі келетінін айтты.

"Біздің тобымыздың басты ерекшелігі біз стандарт үйреншікті өлең шумақтарын айтпаймыз. Барлығы білетіндей қазақ халқы эпостарға бай. Бізде көптеген батырлар және олардың әрқайсысының жасаған ерлігі бар. Сондықтан да біз эпостарды орындаймыз. Белгілі бір эпосты зерттеріп, оны музыкамен орындап айтамыз. Яғни, біздің әрбір өлеңіміз белгілі бір батырға арналады. Біздің басты идеямыз - жастардың қазақ халқының аңыздары мен эпостарының білуі", - дейді "Тиграхауд" тобының солисі Данияр Жақиянов.

"Біз барынша дайындалып жатырмыз, ұзақ уақыт бойы жаттығып жатырмыз. Өзіміздің сүйікті ісімізге барымызды саламыз. Бірақ барлығы көрермендердің қолдауына байланысты. Осы сәтте қандай сезімде болатынымызды қалай айтуға болатынын білмей тұрмын. Бұл бір ғарыш сияқты, ғарышпен бір байланыс бар", - дейді музыкант.

"Аббос" тобының өкілі (Өзбекистан) Фархад Бабаназаров осы фестивальде тамаша өнер көрсететіндерін айтып отыр.

"Біздің топ өзбектің фольклорлық әндерімен қоса шетелдік әндерді де орындайды: өзбек және қазақ әндерін. Ұлттық аспаптарда да ойнайды: карнай, сурнай, рубоб. Біз қазақ халқына ұнауға тырысамыз. Бір жарым ай уақыт бойы дайындалдық. Жақсы өнер көрсете аламыз деп ойлаймын", - деді Фархад Бабаназаров.

"Сіздерде тамаша әншілеріңіз Батыр Шүкенов бар еді. Біз соның әніне музыка жаздық, өз аспабымызда орындаймыз. Біздің өзбек әншілеріміз оны қазақ тілінде орындайды. Ол өлең махаббат пен Отан жайлы болады", - деді "Аббос" тобының өкілі.

Қазіргі уақытта музыканттар концертке дайындалып жатыр. Tengrinews тілшілері музыканттар дайындалып жатқан "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінде болып қайтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети