Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Новая волна" жүлдегері Ademi той әндерін айтпауға сөз берді

13 Қазан 2015, 12:32
0
Әнші Ademi. © Геннадий Усоев
Әнші Ademi. © Геннадий Усоев

Сочиде өткен "Новая волна-2015" жас орындаушылардың халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғаған Динара Қайырова Алматыға оралды, ол Ademi деген лақап атпен өнер көрсеткен болатын. Ол еліне бірнеше жүлде әкелді - екінші орын және көрермендер көзайымы сыйлығы. Бұған дейін өнер көрсетіп келген өнерпаздарымыз төртінші орыннан жоғары жүлдеге ие болмаған еді. Tengrinews тілшісіне сұхбат берген Ademi байқауға жүлделі орын алу үшін барғанын айтты.

Байқауға дайындық бір айдай болды, қатысушылар күнде жаттығып, спорттық, әлеуметтік шараларға қатысты. Ademi-нің айтуынша, ол осы уақыт ішінде барлық өнерпазбен достасып үлгерген. Алайда атмосфера соншалық жақсы болса да, барлығын тастап, кетіп қалғысы келген сәттері де болыпты. "Ол жақта өткен алғашқы күндерде мен қатты жабықтым, теңізге баруыма тура келді. Айғайлап, тынышталу үшін теңізге тас лақтырдым. Сол кезде не болғанын білмеймін. Бірақ мен кеше ұшып шыққанда жабырқап қалдым, себебі қатысушыларға қатты бауыр басып, жақын адамдардай болып кеттік", - деді әнші қыз.

 

Жас орындаушыларда үш байқау күнінің болғаны белгілі: әлемдік хит, Игорь Николаевтың әнін дуэтпен орындау және өз елінен апарған әні. Ademi-нің айтуынша, әлемдік хитті таңдау үшін ол "Новая волнаның" барлық мұрағатын қарап шыққан.

"Маған ұнайтын әлемдік хиттердің барлығы орындалып кетіпті. Бірақ бірде мен караокеде отырып Show must go on әнін естідім және осы ән айтылып па деген ой келді. Тағы бір мәрте қарадым, айтылмаған болып шықты. Бірақ бұл ән менің стилімдегі ән емес, дегенмен өзімнің музыкалық продюсерім Ринат Гайсинге бардым. Ол бұл әннің маған келмейтінін айтты. Сол кезде әнді аздап өзгертуді ұсындым, осыдан кейін ол фортепианоға отырып, шығыстық сарын қосты", - деді Ademi.

Аты аңызға айналған Queen тобының композициясын жаңа өңдеумен орындаған әнші әділ қазылар алқасының барлық мүшесін таңғалдырды. Олардың барлығы Ademi-ге барып, қолдау тілектерін айтты.

Дуэтке қатысты айтатын болсақ, қазақстандық өнерпаз ресейлік атақты әнші Ирина Дубцовамен бірге ән салғаны үшін қуанышты. "Бір ғана жағдай, ол өнерпаздардың барлығы номерлерін дайындап болғанда Ирина Сочиге байқау болатын күні ұшып келді. Ол аздай, мен бірінші болып өнер көрсететін болдым. Біз жылдам танысып, бір рет дайындалып, сахнаға шықтық. Айта кету керек, ол өз жағына тартпай, менің ашылып, бар өнерімді көрсетуіме мүмкін берді. Әділ қазылар байқасын деп мені үнемі сахнаның ортасына шығарып тұрды", - деді Ademi.

Ademi соңғы номері туралы ерекше әсермен айтты. "Последняя весна" композициясы Батырхан Шүкеновке арналған. Нақтырақ айтқанда, оның "Отан Ана" әніне, ол бұл әнді сәуір айында "Новая волна" байқауының бірінші іріктеу кезіңде орындаған.

"Отан Ана" әнін орындауға рұқсатты Батырдан алғанмын, бірақ сол кезде ол біреулердің оның әнін орындағанын ұнатпайтынын айтты. Бірақ ол маған рұқсатын берді, алайда демо-нұсқасын жіберуді сұрады. Мен ол әнді өзімше ерекше етіп орындайтынымды жеткіздім, ол тыңдап көргісі келетінін айтқан еді. Мен финалға өттім. Батыр оны жаңалықтардан оқып, мені телефон арқылы құттықтады. Әңгіме барысында ол демо-нұсқаны есіме салды, мен үйге келгеннен кейін жіберуге сөз бердім. Бірақ үлгермедік. Маған екі күннен кейін біреулер хабарласып, оның қайтыс болғанын айтты, - деп еске алды әнші. - Осыдан кейін Ринат Гайсинге Батырханға құрмет көрсетуім керек екенін жеткіздім. Ол сол кезде эмоциялық деңгейде оны жүзеге асырудың қиын болатынын ескертті. Бірақ мен солай шешкенімді айттым. Дайындық барысында маған өте ауыр болды. Бірінші шумақтан кейін жылай бастайтынмын. Бірақ үшінші күні өнер көрсеткенде өзімді қолға алып, айтып шықтым, дегенмен дауысымның дірілі естіліп тұрды", - деді ол.

Ademi сұхбат барысында болған жағдайларға, еліне тұңғыш болып жүлделі орынды алып келгеніне сене алмайтынын айтты. Бірақ әнші музыкаға адал болып, тойдың әндерін ешқашан айтпайтынына сенімді екенін білдірді. "Мен музыкаға көп нәрсені арнадым, сондықтан мұнымен айналыспаған, кез келген адам орындай алатын әндерді орындамаймын. Мен олай істегім келмейді", - деп сөзін аяқтады әнші.

Айта кетейік, Ademi-ден өзге бұл байқауға Қазақстанның атынан Voice KZ тобы қатысты. VoiceKZ тобының солистері - Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері. Олар Euro Pop Contest байқауына қатысып Гран-приді жеңіп алған (Германия), ал "Золотой конкурс-2014" (Ресей) байқауында екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, бұл топ Италияда өткен Canzoni Dal Mondo-2014 халықаралық байқауында "Көрермен көзайымы" деген сыйлыққа ие болды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай