01 маусым 2018 18:36

Нұржан Керменбаев әйелі, табысы және арықтауы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әнші Нұржан Керменбаев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі әнші Нұржан Керменбаев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұржан Керменбаев сұхбатында мерейтойлық концерті жайлы және дұрыс тамақтану мен жаттығулардың оған арықтауға қалай көмектескені жайлы әңгімеледі. Мұнымен қоса, ол көп әйел алуға, дін және отандық шоу-бизнеске қатысты ойын айтты.

Сондай-ақ, әнші әйелі жайлы және қанша табыс табатыны жайлы айтып берді.

Нұржан Керменбаев Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Superstar.kz жобасына қатысқаннан кейін танымал бола бастады. Сонымен қатар, Нұржан Керменбаев "Перцы" және "Арнау" топтарында өнер көрсетті, Қазақстан атынан "Жаңа толқын" байқауына қатысты.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына Маржан Арапбаева, әнші Ақбота Керімбекова, әнші Қайрат Түнтеков, әнші, "КешYou" экс-солисі Айдана Меденова, қоғам белсендісі әрі тележүргізуші Аружан Саин, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова, "Қазақстан аруы - 2018" Альфия Ерсайын, театр және кино актері Еркебұлан Дайыров,  Артур Төлепов, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов, әнші Мәдина Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети