Нұржан Керменбаев: Máńgilik El Daýysy тыңдарманмен байланыс орнатуды көздейді

06 Қараша, 22:29
0
Нұржан Керменбаев: Máńgilik El Daýysy тыңдарманмен байланыс орнатуды көздейді -

Máńgilik El Daýysy ұлттық музыка шоуының қатысушысы Нұржан Керменбаев артист пен көрермен арасындағы байланыстың қаншалықты маңызды екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласында 9 қараша күні сағат 19.00-де басталатын Máńgilik El Daýysy концертінде Қазақстан эстрада жұлдыздары хит әндерін жанды дауыста орындайды. Жоба көрермендерді ерекше

қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, тыңдармандардың артистермен бірге ән айтуына мүмкіндік жасайды. Көрермендерге ыңғайлы болуы үшін әндердің мәтіні LED-экрандарда көрсетіліп отырады.

"Тыңдарман мен орындаушы арасында үлкен байланыс болады. Концертте артистер тек ән салып қоймай, көрерменмен байланыс орната білуі керек. Мен де өз концерттерімді осылай өткізуге тырысамын. Сондықтан бұл шоуға қатысуға ұсыныс түскенде бірден қабыл алдым. Máńgilik El Daýysy концепциясы маған ұнады, себебі шоу тыңдарманмен байланыс орнатуды көздейді", - дейді Нұржан Керменбаев.

Артист Máńgilik El Daýysy концертінде төрт ән орындайды.

"Төрт әннің екеуін халық жақсы біледі деп ойлаймын. Біріншісі – "Егіз лебіз", екіншісі – кезінде Мейрамбек Беспаев орындаған "Сағындың ба?" әні. Бұл – тыңдарманға таныс әндер. Олардан бөлек өз репертуарымдағы "Самға әуенім" және Данияр Шеңгелбаевтың "Қазақтың баласы" әндерін орындаймын", - деді ол.

Еске салайық, концертте клибі 100 миллион көрілім жинаған Ерке Есмахан, Айқын, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және Орда тобы өнер көрсетеді.

Жоба ұйымдастырушысы – Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау – Alash Media Group холдингі, "Жұлдыз FM, Tengri FM радиостанциялары.

Шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай