05 ақпан 2016 16:10

Нью-Йоркте Қазақстан тумасы қазақ хандары жайлы ән жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ азаматы Берік Құлмамыров америкалық вокалистермен бірге әнжинақ жазды. Ол қазақ хандары Керей мен Жәнібекке, Дос-Мұқасан тобы мен композитор Алтынбек Қоразбаевқа, сонымен қатар, әнші Мейрамбек Беспаевқа арналды, - деп хабарлайды 24kz.

Құлмамыров АҚШ-та 17 жылдан бері тұрып келе жатыр. Ол Алматы мен Мәскеуде білім алып, оны ары қарай жалғастыру үшін АҚШ-қа кеткен. Америкалықтарды Қазақстан мәдениетімен таныстыру үшін ол ерекше жоба жасаған. Берік Қазақстан тарихы, еліміздің танымал жұлдыздары туралы ағылшын тілінде ән жазды. Ал әнді америкалық ең әйгілі поп-жұлдыздар орындады.

"Мен Қазақстанға танымал әнші Мейрамбек Беспаев пен оның ұстазы Алтынбек Қоразбаевты таңдадым. Оның әндерін бұрын үнемі тыңдайтынмын", - деді Берік Құлмамыров. Ол енді туған жері туралы ән жазуды жоспарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети