Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Опера әншілері байқауының жеңімпазы TengrinewsTV тікелей эфирінде іріктеледі

28 Қараша 2014, 18:26
0
Салтанат Ахметова. Астана Опера ©
Салтанат Ахметова. Астана Опера ©

"Үлкен Опера" жас орындаушылар байқауының жеңімпазы TengrinewsTV тікелей эфирінде іріктеледі, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Астана Опера" театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жас орындаушылардың "Үлкен опера" телевизиялық байқауының қорытынды бағдарламасы Tengrinews TV және www.astanaopera.kz сайттарының тікелей эфирінен 29 қараша Қазақстан уақытымен 22:10-да көрсетіледі", - делінген баспасөз баянда.

 Жобада "Астана Опера" театрының жеке орындаушысы Салтанат Ахметова қатысады, деп хабарланады. Қазақстандықтар отандасымызға 7375 номеріне "1" санын SMS-пен жолдау арқылы дауыс бере алады. Әр көрермен бағдарлама басталғанша 30 хабарлама жолдай алады. Тек Beeline мен Tele2 хабарламалары ғана қабылданады. 

Театр мәліметтеріне сүйенсек, "Үлкен опера" жобасының үшінші кезең финалы Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының үлкен залында өтеді. Жеңімпаздың есімі тікелей эфирде жарияланады.  

Салтанат Ахметова бірнеше республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы, олардың қатарында Бибігүл Төлегенова атындағы, Глинки, Villaincanto (Италия) байқаулары бар. Өткен жылы әнші Германияда өткен Neue Stimmen байқауында Klassik-Herbst Forderpreis арнайы жүлдесіне ие болды.

 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай