Парсы суфизмі 3D форматында. The Spirit of Tengri көрермендері мультимедиялық шоу тамашалай алады

20 Шілде 2017, 14:00
0
Парсы суфизмі 3D форматында. The Spirit of Tengri көрермендері мультимедиялық шоу тамашалай алады - NIYAZ. Фото facebook.com/niyazmusic
NIYAZ. Фото facebook.com/niyazmusic

EXPO-2017 көрмесінің Энергия Холлында ежелгі шайырлық және суфилік сарын заманауи 3D-технологиясымен біріктіріліп, көрермендерге тамаша шоу сыйламақ. Осы жолы The Spirit of Tengri Астана көрермендеріне NIYAZ америкалық-ирандық-түрік ұжымының өнерін ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Топтың концерті бүгін, 20 шілдеде өтеді. Билеттерді ресми кассалар мен tickets.expo2017astana.com сайтынан алуға болады. 

Топ мүшелерінің бірі Лога Торкианның сөзінше, концерт бағдарламасы "Төртінші сәуле" деп аталады. Бұл визуалдық тұрғыдан да тамаша көрініс беретін концерт болады. Концерт проекциялық бейне, би, музыка, ирандық және парсы әндерін тұрады. 

"Бұл Қазақстанға алғаш келуіміз. The Spirit of Tengri фестивалінің шақыруымен келдік, ол бізге қатты ұнады, сондықтан, осы жерде де концерт беруге келістік", - дейді музыкант. 

"Шоу ежелгі иранның дәстүрлі әндері мен ежелгі Иранды маңын мекен еткен халықтардың мәдениетіне негізделген. Бірақ біз заманауи үндерді көп қостық, қызықты синтез шыққан сияқты", - дейді вокалшы Торкиана Азам Али.

Концерттің негізгі мақсаты - EXPO-2017 қонақтарына заманауи технология ежелгі дәстүрмен үндес қана емес, оны тамаша толықтыратынын көрсету. 

"Біз өзімізге және бүкіл әлемге дәстүрді сақтай отырып, заман талабына да сай болу мүмкін екенін дәлелдегіміз келеді. Көпшілік заманауи адам болу батысқа еліктеу деп ойлайды, бірақ, біздің айтпағымыз дәстүріңді сақтай отырып та заманауи адам бола аласың", - дейді әнші. 

NIYAZ әуендері "заманауи тысы бар мистикалық музыка" - бірінші кезекте ол суфилік мистика мен транс-электрониканың қосындысы. Ұжым үнді, ирандық және Жерорта теңізі халықтарының әуендерін біріктірген. 

"Мен Иранда дүниеге келдім, төрт жасымда Үндістанға көштік, сонда білім ала бастадым. Жасөспірім кезімде АҚШ-қа кеттім, одан кейін Канадаға, сосын АҚШ-қа қайта оралдым, міне енді әлем азаматымын деп айта аламын. Өз әндерімді 18 жасымда Америкада жаза бастадым. Үйден жырақта жүрдім, сағыныштан ирандық дәстүрлі әндерімді айтып жүрдім. Музыканың түрлі болатынын көрсеткім келді", - дейді Азам Али. 

Ұжым 10 жылдан бері елдер арасындағы шекараны жойып, тамаша концерттер беріп келеді. NIYAZ  тобының Астанадағы концерті қала тұрғындары мен қонақтарын бей-жай қалдырмасы сөзсіз.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай