Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Парвиз Назаров Backstreet Boys-пен бірге ән айтты

07 Наурыз 2014, 10:49
0
Парвиз Назаров  Backstreet Boys тобымен бірге ән айтты
Парвиз Назаров Backstreet Boys тобымен бірге ән айтты
Қазақстандық әнші, композитор Парвиз Назаров атақты Backstreet Boys тобымен бірігіп, бейнекөрініс түсірмек, деп жазады "Экспресс-К".

Парвиз Назаров әлеуметтік желілердің бірінде Backstreet Boys жігіттерінің бірімен хат алмасып отырып, танысып алады да, олардың Show ‘Em What You’re Made Of композициясын орыс тіліне аударып, орындауға рұқсатын алады. Туындының орысша нұсқасына "Мир, любовь и жизнь" ат қойылып, айдар тағылыпты. Бұл ұсынысқа бірден келісім берген Backstreet Boys жігіттері ағылшын және орыс тілінде қатар айтылғалы отырған әннің жаңа нұсқасын жазу үшін Парвиз Назаровты өз елдеріне шақырған.

Трек пен бейнеклип түсіріліміне Парвиз Назаровпен бірге оның ұлы Тимур, Арни мен Рико есімді жас музыканттар да қатыстырылатын болады. "Бұл клип өте қарапайым жағдайда түсіріледі. Ән айтушылар қара фонда бір бірін алмастырып, кезек-кезегімен шығып отырады. Брайан мен Эй Джей кадрде кеудесін жалаңаштап түссе, топтың басқа мүшелері футболкамен түсетін болады. Бұл клипке түсу маған және менің қасымда болатын жігіттер үшін аса қиындық туғыза қоймас деп ойлаймын. Себебі, түсірілім аяқталғаннан кейін мен барлық көріністерді бір біріне үйлесетіндей етіп қойып шығамын", - дейді әнші.

Парвиз Назаров Backstreet Boys тобының жігіттерімен танысқанына, олармен шығармашылық байланыс орнатқанына қуанышты екенін жасырмады. "Бір қуанатыным мен өз идеям мен тұжырымнамамды түсіндіре алдым. Олар біз жіберген әуеннің орысша үлгісін тыңдап, мақұлдады. Бір айдан кейін бірлескен бейнекөрініс дайын болады деп ойлаймын", - деді Парвиз Назаров.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай