23 мамыр 2016 11:46

Павлодарлық рэпер "Вечерний Ургант" бағдарламасында өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Rhymemag.com © Rhymemag.com

Павлодарлық музыкант Скриптонит (Әділ Жәлелов) Бірінші арнадағы "Вечерний Ургант" бағдарламасының қонағы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарлық музыкант Скриптонит (Әділ Жәлелов) Бірінші арнадағы "Вечерний Ургант" бағдарламасының қонағы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Бұл туралы бағдарламаның ресми парақшасындағы "Қонақтар" айдарында айтылған. Бағдарлама 23 мамырда түсіріледі.

Естеріңізде болса, рэпер бұған дейін Rhyme Magazine басылымына берген сұхбатында Ургант бағдарламасына шақырған жағдайда баратынын айтқан болатын.

Айта кетейік, 2015 жылы Скриптонит Colta.ru басылымының нұсқасы бойынша "Жыл рэпері" атанған болатын. Журналистер павлодарлық жігіттің "Дом с нормальными явлениями" атты әнжинағын орыстілді хип-хоп жанрындағы төңкеріс деп жазды.

Әділ Жәлелов 1990 жылы 3 маусымда Павлодарда дүниеге келген. Музыкамен ол жасөспірім кезінде айналыса бастайды. 2014 жылдың 27 ақпанында Скриптонит ресейлік әнші Баста жетекшілік ететін Gazgolder қоғамдастығына мүше болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети