10 маусым 2016 10:33

Ресей ақпарат құралдары MBAND тобының мүшесі мен Анна Седокованы қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com/annasedokova © Instagram.com/annasedokova

MBAND тобының мүшесі, қазақстандық 26 жастағы Анатолий Цой мен "ВИА Гра" тобының бұрынғы солисі Анна Седокова ақпарат құралдарының олардың бір-біріне деген сезімдері бар екенін мәлімдеуге себеп берді. Оған себеп болған музыканттардың Instagram парақшасындағы фото мен роликтер.


MBAND тобының мүшесі, қазақстандық 26 жастағы Анатолий Цой мен "ВИА Гра" тобының бұрынғы солисі Анна Седокова ақпарат құралдарының олардың бір-біріне деген сезімдері бар екенін мәлімдеуге себеп берді. Оған себеп болған музыканттардың Instagram парақшасындағы фото мен роликтер.

Жақында жарияланған суреттердің бірінің астында Анна пікір қалдырған екен. Онда Анна: "Менің сыйым", - деп жазып, сөйлем соңына жүрек суретін қойыпты.

Ал Мәскеуде 6 маусымда өткен белгілі Fashion People Awards жүлдесінде түсірілген видеода Анатолийдің шоу-бизнес жұлдызын сүйіп тұрғаны көрінеді. Кейбір пікір қалдырушылар олардың арасында сезімдердің бар-жоғын түсіне алмады. Ал достары болса, оларға бақыт тілеп жатыр. 

Ресей ақпарат құралдарының мәліметінше, Fashion People Awards жүлдесінде бұл жұп бірге жүріпті. "Цой мен Седокова құшақтасып жүрді. Кеш бойы құшақтасып, билеп, онымен қоймай Цой әншінің белінен ұстап жүрген. Анна тоңған кезде Анатолий нағыз жігіт ретінде оған өзінің пенжегін киюді ұсынды", - деп жазады Life.

Айта кетейік, жақында 33 жастағы Седокова бұрынғы сүйіктісі - украин хореографы Сергей Гуманмен ажырасып кетті.

MBAND тобы Мәскеуде 2014 жылдың қараша айында құрылған болатын. Сонымен қатар, топтың мүшелері Артем Пиндюра, Владислав Рамм, Никита Киоссе және қазақстандық Анатолий Цой  - "Хочу к Меладзе" музыкалық реалити-шоуының жеңімпаздары. Былтыр танымал топтан Владислав Рамм кеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети