16 сәуір 2016 11:43

Ресейлік әнші Ақтөбеде концерт ұйымдастырушыларды айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Егор Крид © РИА Новости Егор Крид © РИА Новости

Ресейлік әнші Егор Крид Ақтөбеде өтуі тиіс болған концертінің неліктен кейінге қалғанын түсіндіріп берді.


Ресейлік әнші Егор Крид Ақтөбеде өтуі тиіс болған концертінің неліктен кейінге қалғанын түсіндіріп берді.

"Достар, концерттің болмай қалу себебі маған немесе менің командама байланысты емес. Сіздерге қарай Орынборда өткен концерттен кейін жол тарттық, көлікпен 5 сағаттан аса уақыт бойы жол жүрдік, бірақ менің командам концерт өтетін залға келгенде, зал ешқандай техникамен қамтамасыз етілмегенін түсінді. Жарық та, дыбыс та жоқ. Онсыз ән айту мүмкін емес. Мен Қазақстанды жақсы көремін және біз командамызбен концертті өткізу үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасадық", - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Кридтің айтуынша, билеттерді сатумен концертті ұйымдастырушылар айналысқан, ақшаны қайтару жөніндегі барлық жауапкершілік солардың мойнында. "Келесі жолы сіздерге келгенімде барлығы дұрыс жұмыс істеп, кездесуіміз ойдағыдай болады деп сенемін. Түсіністікпен қарағандарыңызға рақмет", - деді ол.

Бұған дейін Желіде ресейлік әншінің наразы тыңдармандарының концерт өтуі тиіс болған "Қоныс" спорт сарайына шабуыл жасағаны түсірілген видео пайда болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети