16 мамыр 2019 18:16

Ресейлік арна "Голос. Дети" шоуында Алсудың қызына берілген жеңістің күшін жойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ресейлік "Первый канал" арнасы "Голос. Дети" шоуының алтыншы маусымындағы финал қорытындысының күшін жойды, - деп хабарлайды "Москва 24".


Ресейлік "Первый канал" арнасы "Голос. Дети" шоуының алтыншы маусымындағы финал қорытындысының күшін жойды, - деп хабарлайды "Москва 24".

Барлық финалистердің қатысуымен өтетін шоу 24 мамырда қайтадан арнайы көрсетілім ұйымдастырады. 

Айта кетейік, кибершабуылдардың алдын алуға және күрделі сандық тергеулерді жүргізуге маманданған Group-IB компаниясы Алсудың қызының пайдасына жаппай SMS жіберілгенін анықтады.

Игорь Крутой Ержан Максимді академиясына оқуға шақырды

Еске салайық, 26 сәуірде 11 жастағы оралдық Ержан Максимнің "Голос. Дети" байқауында 2-орын иеленгені хабарланған болатын. Ол 27,9 пайыз дауыс жинаған еді. Байқауда ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендер тарапынан 56,5 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Алайда байқау нәтижесі Желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді таныды.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ержан Максимді қолдапғ қызға жол беру - нағыз жігіттің ерлігі екенін жазды. Кейінірек Ержанды МУЗ-ТВ премиясына Мәскеуге шақырылғаны айтылды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети