17 ақпан 2019 13:26

Ресейлік спортшы Гран-приде Димаш Құдайбергеннің әнімен өнер көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости / Александр Вильф © РИА Новости / Александр Вильф

2019 жылы Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при бірінші кезеңінде рейсейлік Александра Солдатова қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Любовь уставших лебедей" әніне өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


2019 жылы Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при бірінші кезеңінде рейсейлік Александра Солдатова қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Любовь уставших лебедей" әніне өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сізге сәттілік алып келеді деген үміттемін. Үлкен жеңістер тілемін", - деп жазды Димаш Құдайберген қыз баланың өнер көрсеткен сәтінде түсірілген видеоның үзіндісін Instagram желісіндегі парақшасында жариялап.

Гран-при кезеңі Мәскеуде 16-17 ақпанда өтіп жатыр. Жарыстың бірінші күні жекелей спортшылар арасында іріктеу кезеңі және топтық жаттығулар өтті. Соның нәтижесінде жекелей және топтық сайыстардың жеңімпаздары анықталады. Жексенбіде басқа түрлерінен медальдар ойнатылады. 

Жекелей бағдарламада Ресей құрамасының намысын Дина және Арина Авериналар, Александра Солдатова, Екатерина Селезнева, Дарья Трубникова, Ирина Анненкова және Анастасия Гузенковалар қорғайтын болады. 

РИА Новости мәліметінше, көркем гимнастикада топтық жаттығулар бойынша Ресей құрамасы Мәскеуде өткен Гран-при кезеңінің көпсайысында алтын медальды жеңіп алған. Ресейлік гимнастшылар үздік нәтиже көрсеткен - 43,850 ұпай. Екінші орын - Жапония құрамасы (39,500), ал үшінші орында Өзбексан командасы (37,550).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети