03 қазан 2017 15:23

Ринат Зайытов пен Ғаділбек Жанай "Жұлдыз FM" радиосындағы "Кешкі show" бағдарламасының алғашқы қонағы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/zhuldyz.fm © instagram.com/zhuldyz.fm

"Жұлдыз FM" радиостанциясында "Кешкі show" бағдарламасы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Жұлдыз FM" радиостанциясында "Кешкі show" бағдарламасы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бағдарлама авторларының айтуынша, шоудың мақсаты - кешкі уақытта жұмыстан шаршап, үйіне қайтып бара жатқан адамдарға ақпарат беру, көңіл-күйін көтеру. Бағдарламаны Жандәурен Мәди мен Меруерт Айманова жүргізеді. 

"Шоуда танымал адамдар қонақ болады, тек әншілер емес, ақындар, психологтар, диетологтар деген сияқты түрлі сала мамандары да болады. "Кешкі шоуда" мәселен "Бүгін" деген айдар бар. Мұнда бүгін болған жаңалықтар және тарихта бұл күні қандай оқиғалардың болғаны жайлы танымдық мәліметтер беріледі", - дейді "Жұлдыз FM" бағдарламалар директоры Жасұлан Қали. 

Мұнымен қатар, оның айтуынша, бағдарламада "Ас - адамның арқауы" айдары бар. Айдарда жұмыстан қайтқан қыз-келіншектерге бүгін қандай ас әзірлеуге болатыны жайлы мәзірлер айтылады екен.

Бағдарламаның тағы бір қызықты айдары - "Мен сені жақсы көремін". "Бұл айдарда қарапайым тыңдармандарымыз хабарласып, бізге қонаққа келген жұлдыздармен бірге аналарына, бауырларына және сүйіктілеріне сезімін білдіреді алады. Ренжітіп қойған болса, кешірім сұрай алады. Одан кейін "Жолың болсын, жолаушы" атты айдарымыз бар. Бұл айдардан көлік иелері кептелісте тұрса немесе алыс сапарға шықса көлік жайлы қызықты әрі пайдалы деректер ала алады. Мысалы жанармайды үнемдеу тәсілдері жайлы әрбір көлік иесі білгісі келетіні анық", - дейді бағдарлама авторы. Мұнымен қатар, бағдарламада мәдениет және шоу-бизнес жаңалықтары да болады екен. Оған қоса кез келген адамға пайдасын тигізетін лайфхактар жиналған айдар бар.

Шоу бағдарламаның тұсауын белгілі айтыскер Ринат Зайытов пен әнші Ғаділбек Жанай кесіпті. Айта кетейік, бағдарлама жұмыс күндері кешкі 17.00-19.00 аралығында өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети