Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Рок-музыкант Кит Эмерсон өз-өзіне қол салды

12 Наурыз 2016, 11:01
0
Кит Эмерсон жас кезінде. © teamrock.com
Кит Эмерсон жас кезінде. © teamrock.com

Ұлыбританиялық рок-музыкант Кит Эмерсон 71 жасында қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған, - деп хабарлайды Billboard.

Эмерсон қайтыс болған Санта-Моника қалалық полициясының мәліметінше, композитор басына оқ атқан. Музыканттың денесін жергілікті полицейлер 11 наурыз, жұма күні таңертең үйінен тапты. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, ол өз-өзіне қол салған.

Эмерсонның қайтыс болғаны туралы хабарды оның бұрынғы Emerson, Lake & Palmer рок-группасының мүшелері хабарлады. "Қайғыра хабарлаймыз, өткен түні Лос-Анджелес, Санта-Моникадағы үйінде Кит Эмерсон қайтыс болды", - делінген мәлімдемеде.

Кейін музыканттың өліміне қатысты ұжымның экс мүшесі Карл Палмер мәлімдеме жасады. "Кит Эмерсонның өмірден өткенін білу өте қайғылы, менің жақын досым әрі музыкадағы бауырым еді. Оның жаны нәзік болатын, оның музыкаға деген махаббаты мен пернелі аспаптарда ойнауға деген құштарлығы алдағы жылдардың ешбірінде қайталанбас. (...) Жаның жәннатта болсын, Кит", - деді ол.

Кит Эмерсон 1960 жылдардың соңында The Nice ұжымында жүріп жазылған альбомдардың арқасында танымал болды. Оның қатысуындағы ең танымал рок-группа Emerson, Lake & Palmer болды. 1980 жылдан бастап Эмерсон жеке альбомдарын жаза бастады, оларда джаз, классика мен арт-рок орындалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай