29 қараша 2017 09:50

Роза Бағланованың келіні жеке өмірі мен отбасы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© comode.kz © comode.kz

Қазақстандық белгілі әнші Роза Бағланованың келіні Comode порталына берген сұхбатында өзі жайлы және аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановамен қарым-қатынасы жайлы айтып берді.


Қазақстандық белгілі әнші Роза Бағланованың келіні Comode порталына берген сұхбатында өзі жайлы және аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановамен қарым-қатынасы жайлы айтып берді.

Порталдың мәліметінше, Марал қарапайым қыз, Меркеде дүниеге келген, қарапайым отбасында тәрбиеленген.

"Бағлановтар отбасына осыдан 16 жыл бұрын келдім. Анасыз өскенмін. Анам мен 5 жаста болғанда, інім 9 айлық болғанда қайтыс болды. Сондықтан мені әжем тәрбиеледі - әкемнің анасы. Сосын Алматыға оқуға түсіп, кейін осында жұмыс істедім", - деп бастады сұхбатын Марал.

Айтуынша, ол күйеуімен  телефон арқылы танысты.

"Құрбымның әпкесі Роза Тәжібайқызында костюмер болып жұмыс істейтін. Бірде ол маған қолы тимей жатқанын айтып, бір затты апарып беруін сұрады. Телефонды сонда Тәжен алды - Роза Бағланованың ұлы. Осылай танысып кеттік, кейін телефонмен сөйлесіп жүріп, кездестік", - деді ол.

Сондай-ақ, ол Роза Бағланованың өзімен қалай танысқанын еске түсірді.

"Олар бізді түскі асқа үйге шақырған еді. Оған дейін біз Тәженмен бірге қалада қыдырып жүрдік. Анасы дастарқан жайып, бізді күтті. Танысқанымыздың бірінші күні-ақ ол маған жүзік сыйлады. Ол жүзікті әлі күнге дейін сақтап келемін. Шынымды айтсам, таңғалдым. Адамды бір көре салып, осындай сыйлық бере ме деп?!", - деп еске алды ол.

Сонымен қатар, ол ешқандай тағам әзірлей алмайтынын және үй жұмыстарына араласпағанын жасырмады. Бірақ, Маралдың айтуынша, Роза Тәжібайқызы оған көп дүниені үйретті.

Онымен қоса, Марал бастапқыда енесімен қарым-қатынасы қандай болғанын айтып берді.

"Роза Бағланова қатаң мінезді кісі. Бір-бірімізге үйренісуге шамамен 4 жыл уақыт керек болды. Басынан бері бірге тұрып келеміз. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, анасы мен оның жалғыз ұлы осы күнге дейін екеуі бір үйде тұрып келді. Содан бұл отбасында мен пайда болдым. Өмірлері, әрине, өзгерді. Сондай-ақ, Роза Бағланова немерелерін жақсы көреді, оның төрт немересі бар", - деді Марал.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети