05 мамыр 2018 10:20

Роза Рымбаева әйгілі "Әлия" әнін Молдағұлованың туған жерінде шырқады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роза Рымбаева қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған жері Ақтөбе облысының Қобда ауданында атақты "Әлия" әнін шырқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Роза Рымбаева қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған жері Ақтөбе облысының Қобда ауданында атақты "Әлия" әнін шырқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанның халық әртісі Ақтөбеге 4 мамырда ұшып келді де, бірінші кезекте Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған жері - Қобда ауданындағы ауылға аттанды. Бір кездері ақын Бәкір Тәжібаев пен композитор Сейдолла Бәйтереков әндерін дәл осы қазақтың батыр қызына арнаған еді.

"Роза Қуанышқызы Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына келе алмады, бірақ, осы жолғы сапарын Қобда ауданындағы Әлия ауылынан бастады. Бұл қасиетті жер", - дейді Роза Рымбаеваның Ақтөбедегі концертін ұйымдастырушы Жанаргүл Досова. 

Әлия ауылында Роза Рымбаева Кеңес Одағы батырының музейін кіріп-шықты, ауыл тұрғындарымен кездесіп, жергілікті мешітте де болды. Кейін Қобда ауылындағы Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындар үшін қайырымдылық концерт беріп, атақты "Әлия" әнін шырқатты. 

"Әлия" композициясына биыл 41 жыл толады. 1977 жылы Болгарияда өткен "Золотой Орфей" фестивалінде Роза Рымбаева "Әлия" әнімен байқаудың гран-приін иеленген болатын. Қазақ тіліндегі ән КСРО бойынша бірден танымал болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети