16 мамыр 2018 17:24

Роза Рымбаева "Қызыл өрік" әні жайлы: "Мұндай деңгейдегі әндерді ешқашан орындамаймын"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/rozarymbaeva © instagram.com/rozarymbaeva

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева неліктен ешқашан "Қызыл өрiк" стиліндегі әндерді орындамайтынын айтты. Бұл туралы әнші Esquire Kazakhstan басылымына берген сұхбатында айтып берді.


Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева неліктен ешқашан "Қызыл өрiк" стиліндегі әндерді орындамайтынын айтты. Бұл туралы әнші Esquire Kazakhstan басылымына берген сұхбатында айтып берді.

"Ешқашан мұндай деңгейдегі әнді орындамаймын. 42 жыл бойы біздің халқымыздың мәдениетін көтеріп келген әндерді орындап келіп, бірде "Қызыл бөрiк" (Роза Рымбаева әннің атауын ойланбастан немесе әдейі қате атады - Esquire. ) әнін орындап, мені жиірек тойларға шақыруларын сұрағаным ба? Құдайға шүкір, мені онсыз да тойларға шақырады. Қандай жағдай болсын, менің әндерім той форматындағы әндер емес", - деді Роза Рымбаева.

Сондай-ақ, Қазақстанның халық әртісі осындай әндерді фонограммамен айтып, одан үш есе артық ақша алатын қазақстандық әртісті білетінін айтып өтті.

"(...) Тек фонограммамен ән айтып, менен үш есе артық ақша алатын тамаша әншіні білемін. Оның әндерінің барлығы хит, халық тойларда сол әндерге билеп, көңіл көтереді. Ал менің музыкаларым байсалды, байыпты", - деді Роза Рымбаева. 

Осыған дейін сұхбатында Роза Рымбаева нағыз ер адамды сипаттап берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети