Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 334.32
EUR / KZT - 392.29
CNY / KZT - 50.53
RUB / KZT - 5.63

Салтанат Ахметова Мәскеудегі "Үлкен опера" байқауында жеңіп шықты

30 Қараша 2014, 02:42
0
Салтанат Ахметова. ©tvkultura.ru
Салтанат Ахметова. ©tvkultura.ru

Қазақстанның опера әншісі Салтанат Ахметова 29 қараша күні Мәскеудің Чайковский атындағы консерваториясында өткен жас орындаушылардың "Үлкен опера" телевизиялық байқауында жеңімпаз атанды. Жобаның финалын TengrinewsTV тікелей трансляциялады.

Салтанат Ахметова Көкшетаудағы Біржан сал атындағы музыка колледжінің "Ән айту" бөлімін және Қазақ ұлттық музыка академиясын "Жеке ән айту" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол Италиядағы вокал өнері академиясында іс-тәжірибеден өтті. 2013 жылдан бері "Астана Опера" театрының опера труппасында стажер солист болып жұмыс істеп жүр.

Қазақстан операсының жас жұлдызы бұған дейін бірнеше рет республикалық байқауда және Бибігүл Төлегенова, Глинка атындағы, сонымен бірге, Италиядағы Villaincanto аталатын халықаралық конкурстарда жеңімпаз атанған. Былтыр ол Германияда Neue Stimmen халықаралық байқауында Klassik-Herbst Forderpreis арнайы жүлдесін жеңіп алды.

Мәскеу консерваториясында Салтанаттың өнеріне көпшілік айрықша қошемет көрсетті. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай