03 сәуір 2015 10:57

Сәуірде "Астана Опера" жаңа концерт береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 сәуірде "Астана Опера" теарты "Ниццаның шоқ гүлдері" атты концерт береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


8 сәуірде "Астана Опера" теарты "Ниццаның шоқ гүлдері" атты концерт береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеш еуропалық компазиторлар Роберт Шуман, Рихард Штраус, Макс Брух, Бела Барток, Генрик Венявский, Эдвард Григ, Эдуард Элгар, Антонин Дворжак, Клод Дебюсси, Франсис Пуленк және Денеш Будейдің туындыларынан құралған музыкалар тізбегінен тұрады. Концерт Денеш Будейдің "Ниццаның шоқ гүлдері" атты шығармасының құрметіне аталған. "Астана Опера" театрының солисті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ Сольвейгтің екі өлеңін шырқайды", - дейді  "Астана Опера" театрының музыкалық кеңесшісі Раушан Бескемпірова.

Концертте Қазақстан мен Башқұртстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық конкурстың лауреаттары өнер көрсетеді.

Айта кетейік, концерт 8 сәуірде "Астана Опера" теартының Камера залында "Елдер мен құрлықтарға саяхат" абонементі аясында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети