09 сәуір 2016 15:18

Сергей Лазарев тыңдармандарынан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/lazarevsergey © instagram.com/lazarevsergey

Ресейлік әнші Сергей Лазарев Instagram парақшасында Санкт-Петербургте өткен концертінде талып қалуының себебін түсіндіріп, тыңдармандарынан концерттің маусым айына ауыстырылғаны үшін кешірім сұрады.


Ресейлік әнші Сергей Лазарев Instagram парақшасында Санкт-Петербургте өткен концертінде талып қалуының себебін түсіндіріп, тыңдармандарынан концерттің маусым айына ауыстырылғаны үшін кешірім сұрады.

"Құрметті достар! Шынымды айтсам, мен кеше Питерде сахнада болған жайтқа өзім де таңғалып отырмын. Мен ешқашан денсаулығымның маңызды сәтте әлсіреп, көптен күткен Санкт-Петербургте өтетін концерт кезінде осындай жағдайда боламын деп күткен емеспін. Иә, соңғы айларда мен гастрольдік сапарларда жүрмін, сонымен қатар театрда спектакльдерде ойнаймын, белсенді түрде дайындалып, елімізді маусымда болатын Евровидениеде көрсеткім келеді, мүмкін осының барлығы менің денсаулығыма әсер етіп, кейде болса да денсаулығыма қарау керек екенін ескертіп отырған шығар", - деп жазды ол әлеумеуттік желіде.

Әнші Санкт-Петербург пен Таллиндегі тыңдармандарынан концерттің маусым айына ауыстырылғаны үшін кешірім сұрап, барлық билеттердің жарамды болып қалатынын айтты. Айта кетейік, әншінің Таллиндегі концерті 4 маусымда, ал Санкт-Петербургте 9 маусымда өтеді.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, Лазарев "Евровидение-2016" байқауында Ресейдің намысын қорғайды және бірінші жартылай финалда тоғызыншы болып өнер көрсетіп, "You are the only one" әнін орындайды. Сонымен қатар, бұл композицияға түсірілген клип YouTube арнасында үш миллионнан аса көрілім жинады. Байқау 10-14 мамыр аралығында Стокгольмде өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети