12 мамыр 2018 09:53

Шүменовтің Астанадағы жекпе-жегіне 50 Cent пен Snoop Dogg келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hiphopdx.com © hiphopdx.com

Астанада 7 шілдеде қазақстандық Бейбіт Шүменов WBA белдігі үшін таласады. Арнайы қонақтар ретінде жекпе-жекке америкалық рэперлер 50 Cent пен Snoop Dogg келеді, деп хабарлады АҚШ-тық Қазақстандағы елшілігіндегілер.

"Әлемнің екі дүркін чемпионы @Beibut_Shumenov @Kazakhstan 7 шілдеде реваншпен оралады, кеш #Astana 20 жылдығына арналады. #event АҚШ-тан арнайы қонақтар шақырылады, @50cent & @SnoopDogg", - деп жазды елшіліктегілер Twitter желісіндегі ресми парақшаларына.

Еске сала кетейік, кәсіпқой боксқа қайта оралған Бейбіт Шүменов Астанада WBA (Regular) чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Бірінші ауыр салмақта бақ сынайтын отандасымыздың қарсыласы - түрік боксшысы Хизни Алтункай (30-1, 17 КО).

34 жастағы қазақстандық боксшы бұл чемпиондық белбеуді осыған дейін де иеленген. Кейіннен жарақатына байланысты мансабын аяқтаған еді. Қаңтар айында кәсіпқой боксқа қайта оралғанын хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети