23 маусым 2016 18:23

"Славян базары-2016" байқауына еліміздің атынан Adam қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Adam Әнші Adam

Қазақстандық әнші Adam Витебск қаласында өтетін халықаралық "Славян базары-2016" музыкалық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Adam Витебск қаласында өтетін халықаралық "Славян базары-2016" музыкалық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші 9 шілдеде Беларуське ұшады. Онда фестиваль аясында болатын іс-шараларға дайындық басталады. Байқауда Adam Николай Носковтың "Исповедь" әнін орындайтын болса, әлемдік хиттерден Sam Smith - I'm Not The Only One әнін таңдады. Ал өз елінің әндерінен ол Батырхан Шүкеновтің "Отан Ана" әнін орындайды. Айта кетейік, байқау 14-18 шілде аралығында өтеді.

"Іріктеу Алматыда өтті. Маған іріктеуден өткенімді айтты. Маусым айынан бастап дайындық басталды. Қазір музыкант Элхан Ахмедовпен дайындалып жүрмін. Астана қаласының мәдениет басқармасы мен мәдениет министрлігіне қолдау көрсеткені үшін ерекше алғысымды айтқым келеді", - деді Adam.

Айта кетейік, әнші Қазақстан атынан Юрмалада өткен "Новая волна" байқауына қатысқаннан кейін танымал бола бастады. Онда ол бесінші орынға ие болған еді. Сонымен қатар, SuperStar KZ, X-Factor бағдарламаларына қатысты.

Еске салайық, 2015 жылы еліміздің атынан "Славян базары" байқауына Димаш Құдайбергенов қатысқан еді. Ол байқауды жеңіп, Қазақстанға гран-примен оралған еді. Сонымен қатар, 2015 жылы қазақстандық Луиза Нұрқуатова балалардың "Славян базары" байқауын жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети